«Әке мен бала: әкенің бала тәрбиесіне араласуы, қамқорлығы және қатысуы»
Дата: 2026-09-15 11:32:08
Мектебімізде 5-сыныптар арасында Халықаралық отбасы күніне орай «Әке мен бала: әкенің бала тәрбиесіне араласуы, қамқорлығы және қатысуы» тақырыбында тәрбиелік тренинг өтті. Іс-шара барысында әкелер мен балалар қызықты ойындар мен танымдық тапсырмаларға белсенді қатысты. «Мен әкемді жақсы білемін», «Әкемнің саусақ таңбасы», «Сенімді бағыт», «Атадан қалған асыл сөз» ойындары арқылы өзара сенім, сыйластық пен отбасылық құндылықтар дәріптелді.
Шара өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Әкелер мен балалар өзара қарым-қатынасты нығайтып, бірге уақыт өткізудің маңызын түсінді. Осындай тағылымды кездесулер отбасылық байланысты бекемдеп, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыруға үлкен ықпал етеді. Барша қатысушыларға белсенділіктері мен қолдаулары үшін алғысымызды білдіреміз!