«КІТАП ОҚИТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ
Дата: 2026-09-15 09:58:47
«КІТАП ОҚИТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда «Оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты басталды.
Марафон қатысушылары қазақ немесе орыс тіліндегі арнайы іріктелген шығармаларды оқып, отандық әдебиетпен, әлемдік классикамен және заманауи туындылармен танысады. Жоба оқу мәдениетін дамытуға, ой-өрісті кеңейтуге және мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі жетілдіруіне жаңа серпін беруге бағытталған.
«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» марафоны – білімге ұмтылысты қолдап, кітап оқуды күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналдыруға үндейтін пайдалы бастама.