Размер шрифта:

5–6 сынып қазақ тілі пәнінен емтихан

Date: 2026-06-03 12:02:05
5–6 сынып қазақ тілі пәнінен емтихан
Емтихан барысында оқушылардың оқылым, жазылым деңгейлері бағаланды. Білім алушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, пән бойынша алған білімдері мен дағдыларын көрсете білді.
 
Аралық аттестаттау – оқушылардың оқу жетістіктерін анықтап, білім сапасын саралауға мүмкіндік беретін маңызды кезеңдердің бірі. Емтихан талапқа сай, академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып өткізілді.
 
Барлық білім алушыларға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!