Размер шрифта:

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

Дата: 2026-06-03 11:22:40
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдауды кезең-кезеңімен ұйымдастыру кестесін бекітті.
 
Құжат қабылдау Қарағанды облысы бойынша 2026 жылғы 29 маусым мен 10 шілде аралығында жүргізіледі. Бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін барынша ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
 
Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн форматта тапсырады.