“Білімім – Отаныма”
Дата: 2026-06-03 11:03:09
7«Б» сыныбында “Білімім – Отаныма” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға білімнің маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, білімді ұрпақ – ел болашағы екені туралы пікір алмасты. Түрлі сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер мен тәрбиелік тапсырмалар орындалды. Сабақ соңында оқушылар білімді, саналы азамат болып, еліміздің дамуына үлес қосуға дайын екендерін білдірді.