«ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ» – ҰЛТ РУХЫНЫҢ АЙНАСЫ
«Наурыз мейрамы–2026» мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық білім беру ұйымдарының 7–8 сынып оқушылары арасындағы «Тоғызқұмалақ» турнирі жоғары деңгейде өтті. Ұлттық ойынның мәні мен маңызын дәріптеген бұл сайыс жас ұрпақтың зеректілігі мен ойлау қабілетін шыңдауға зор мүмкіндік берді.
Аталған додада мектеп-лицей командасы ерекше белсенділік танытып, тартысты бәсекеде топ жарып, жүлделі II орынды иеленді. Бұл – оқушылардың табандылығы мен ұстаздардың еңбегінің жарқын жемісі.
Сонымен қатар, 8 «А» сынып оқушысы Болат Нұрислам өзінің алғырлығы мен шеберлігін дәлелдеп, «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Бұл жетістік – жас спортшының таланты мен тынымсыз еңбегінің айғағы.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ата дәстүрді жаңғыртқан осындай игі шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық пен рухани байлықты қалыптастыра беретіні сөзсіз.