Размер шрифта:

Ауыз қуысы гигиенасы

Дата: 2026-04-29 10:30:32

“Болашаққа сау тіспен” бағдарламасы аясында
“Тіс күтімі – денсаулық кепілі” тақырыбында ақпараттық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға ауыз қуысы гигиенасының маңызын түсіндіру, тісті дұрыс күту дағдыларын қалыптастыру және стоматологиялық аурулардың алдын алу.

Іс-шара барысында ТОО “БЦМО” поликлиникасының мамандары оқушыларға тісті дұрыс тазалау ережелері, дұрыс тамақтану, тіс жегісінің алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, балаларға тіс күтімінің денсаулыққа әсері жайында пайдалы кеңестер беріліп, сұрақтарына жауап берілді.

Мұндай шаралар оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және жеке гигиенаға жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.