Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Дата: 2026-04-29 10:26:11
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасын дәріптейтін ерекше күн. Бұл күннің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді ұлықтау және жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен мәдениетті сіңіру.
Іс-шара барысында қазақ халқының бай мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылып, ұлттық өнер мен қолөнердің маңызы айтылды. Қатысушылар ұлттық киім киіп, қазақтың дәстүрлі тағамдары мен тұрмыс-салт көріністерін тамашалады.
Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақ ата-баба мұрасын құрметтеуге, ұлттық мәдениетті сақтап, оны болашаққа аманат етуге тәрбиеленеді.