Мұғалім – қоғамның тірегі, болашақтың бағбаны
Дата: 2026-04-28 10:32:33
8-наурыз мейрамы халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүйікті қаламыздың білім саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген үздік педагогтарды марапаттау рәсімі өтті!
Салтанатты шарада біздің мектеп-лицейіміздің ұстаздары республикалық және қалалық деңгейде жоғары марапаттарға ие болды.
Садвакасова Айгуль Тимуровна - Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің “Алғыс хатымен”
Асемханова Гульнар Базылханкызы - қала әкімінің “Құрмет грамотасымен”
Усенбекова Сакып Үсенбековна - қала әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды.
Бұл – қажырлы еңбек пен кәсіби шеберліктің жемісі.
Шәкірттеріне білім нәрін сеуіп, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеп жүрген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін!