Кітап – білім бұлағы, рухани қазына
Дата: 2026-04-28 10:13:43
Күндері мектеп-лицейімізде «Заманауи білім: адал азамат және кітап оқу мәдениеті» оқу сауаттылығы апталығының жабылу салтанаты өтті.
Апталық аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі танымдық іс-шаралар, әдеби кездесулер, зияткерлік ойындар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетіп, кітаптың адам өміріндегі маңызын терең түсіне білді.
Кітап – білім бұлағы, рухани қазына. Осындай шаралар жас ұрпақтың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, саналы әрі адал азамат болып өсуіне жол ашады.