Айтып өткен ақында арман бар ма
Дата: 2026-04-03 11:38:13
Қарағанды қаласында 26 ақпан күні 7–11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңінде мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы
Рахмет Нұржігіт жоғары нәтиже көрсетті.
Нұржігіт ақиық ақынның 140 өлеңін жатқа айтып, «Айтып өткен ақында арман бар ма» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жетекшісі: Гулбаршын Аманбековна
Дарынды шәкіртімізді және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!