«Әлихан Бөкейхан –Алаш көсемі,ұлт қайраткері»
Алаш көсемі, қазақтың мемлекет қайраткері. Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай облыстық ІІ Құрылтай Теміртау қаласында өтті.
Құрылтай тақырыбы: «Әлихан Бөкейхан –Алаш көсемі,ұлт қайраткері»
Қатысушылар : «Әлихан атындағы мектептер Альянсы» тарих пәнінің мұғалімдері мен 8-11 сынып оқушылары
Балқаш қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейінің «Алаш» тобы «Alikhan Quiz» танымдық ойынына тарих пәнінің мұғалімдері Г.Б.Асемханова;К.А.Бейсекина және 10 «Ә» сынып оқушысы Тұрсынбек Айзат қатысты. Ойлау қабілеттері жоғары, тапқырлар,танымдық, білгірлер ІІ орынды жеңіп алды.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!