«Балқаш қаласының №15 мектеп –лицейі» КММ Магниттік мектептерді 2015-2016 оқу жылындағы іс-шаралармен таныстыру мақсатында өткен семинарға рефлексиялық есеп
Магниттік мектептердің координаторларымен «Көшбасшылық-тәжірибені жетілдіру құралы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Тиімді оқытуды, оқуды және басқару стратегиясын қалыптастыруды іске асыруда кәсиби қауымдастықтың дамыту жұмыстарын жетілдіру. Семинар магниттік мектептердің координаторларымен «Бес саусақ» әдісі арқылы танысудан басталды.Семинарда магниттік мектеп координаторларын біздің мектеп координаторы «Бөлінген көшбасшылық» тақырыбында 2014-15 оқу жылындағы мектеп көшбасшыларының жүргізген жұмыстарымен таныстырып, ой бөлісіп, іс –тәжірибелерімен пікір алмасты. Көрсетілген презентациялар,сабақтардан үзінділер мен берілген ақпараттар төңірегінде пікір алмастырып, өз мектептерінде биылғы оқу жылындағы жоспарланған іс-шараларға тоқталып, өз ұсыныстарын жеткізді.
2014-2015 оқу жылындағы деңгейлік курсын аяқтаған мұғалімдердің рефлексиялық есептерімен таныстырылды, мануалдар , диск жинақтары көрсетілді. Әр сертификатталған мұғалімнің жеке жұмыс жоспары және іс –тәжірибелері бойынша жинақталған портфолиосы болу керектігі айтылды. Магниттік мектеп координатоларының ұсыныстары бойынша әр мектеп ашық есік күнін өткізіп отыру қажеттілігі айтылды.
«Балқаш қаласының №15 мектеп –лицейі» КММ директоры Қ.Ш.Дубирбекова: «Бүгінгі таңда мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу - білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян. Демек, Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып ,тәрбиелейтін мұғалім – шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болса, онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалары:
Баланы оқи білуге үйрету;
Баланы ойлауға үйрету;
Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау;
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттіліктерді оқушыларға меңгерту барысында инновациялық әдіс тәжірибеге енгізу мектеп көшбасшыларының қолында» екендігін айтып, бірге ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырды.