«Оқушылардың сынып сағатында танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану» атты коучинг

Дата: 2015-10-02 06:34:12
«Оқушылардың  сынып сағатында танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану» атты коучинг

1 қазан күні сынып жетекшілер кафедрасының жетекшісі, екінші (негізгі) деңгей мұғалімі Джакупова Зекен Абитаевна мен бірінші «ілгері» деңгей мұғалімі Сатенова Шарбат Шайкуловнаның қатысуымен 5, 6 сыныптардың сынып жетекшілері мен жас мамандарына «Оқушылардың  сынып сағатында танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану» атты коучинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың Сын тұрғысынан ойлауын дамыту, проблемаларды анықтау  және оларды  шешудің шынайы құралдарын айқындау. Коучинг мұғалімдердің қызығушылығын арттыру мақсатында жақсы психологиялық ахуал туғызудан басталды. Мұғалімдер топқа бөлініп,  топ  ережесін құрып, «Мюнстерберг» әдісі арқылы  сыныпта жаңа тақырыпты ашу жолдарының бірін үйренді. Берілген тапсырмаларды орындау кезінде СТО түрлері туралы түсінік қалыптасты, СТО белсенді элементтері қолданылды.