14 қыркүйек Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен салтанатты жиын

Дата: 2015-09-14 13:17:15
14 қыркүйек Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен салтанатты жиын

Мақсаты: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу; өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

Мектеп кітапханасында «Ел болмысы өткен тарихтан атты» кітап көрмесі,  І қабатта тақырыптық стенд  ұйымдастырылды. Сонымен қатар әрбір қабаттағы телеледидардан «Қазақ хандары» атты бейнефильмдер көрсетілді.

2015 жылдың 14 қыркүйегінде мектеп- лицейімізде Қазақ хандығының 550 жылдығына орайсалтанатты жиын өтті. Жиында мектеп-лицей директоры  құттықтау сөзбен бастады. Алты алаштың баласының басын қосқан Керей Хан,Жорбарыс жүректі Жәнібек Хан, ақылды данышпан Әз Тәуке хан, Қолбасшы Бұхар Жырау Қожаберген, үш жүздің Басын қосқан Абылай Хандардың ақылдылығын біздің мектеп оқушылары «Қазақ хандығы»композиция арқылы көртетті.

«Жас Ұлан» үгіт- насихат тобы қазақ хандығын кезең- кезеңдерге бөліп мағлұмат берді. 5 сынып оқушыларынан құралған «Жұлдыздар» тобы «Туған ел» әнімен салтанатты саптық жиынды аяқтады.

Әр сыныпта осы тақырыппен сынып сағаттары өткізілді.