«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбындағы АТА-АНАЛАР конференциясы
Дата: 2015-05-20 12:18:54
16.05.2015 күні Қарағанды облысының білім беруді басқарудың 28.04.2015 жылғы № 1-9/343 хаты бойынша 15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне байланысты «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсетуде» атты 11 сынып ата-аналарына арналған Республикалық конференция болып өтті.
Конференция мақсаты:жоғары сынып оқушыларының ата-аналары өз балаларына психологиялық қолдау көрсетуіне көмектесу, ата-аналарға кез келген жағдайлардағы қиындықтарды сауатты жеңе білуге көмек беру және қажетті білімдер мен шеберліктер беру.
Конференцияға мектеп-лицей директоры Дубирбекова Қ.Ш және Қалалық маслихат депутаты Тусупбеков С.Д. қатысты.