Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының 15 –ші алғашқы қоңырауы соғылды.
Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының 15 –ші алғашқы қоңырауы соғылды. 1 қыркүйек үлкенге де, кішіге де маңызды күн. Өйткені, білім әлеміне қадам басқан 148 бүлдіршін мен мектеп-лицей түлектері үшін де айрықша күн болды. Цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жас буынның болашақ табысының кілті. Салтанатты жиынды мектеп-лицейіміздің директоры Айгүл Төкенқызы жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетуге тілектестігін білдіріп, өткен оқу жылының жетістіктерін атап өтті. Білім күніне арналған салтанатты жиынға келген ата-аналарды, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады. Сонымен қатар, салтанатты жиынға Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев және Балқаш қалалық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Шәкәрімқызы арнайы қатысып, ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтап, сәттілік тіледі. Салтанатты жиыннан соң жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер алтын ұя мектебіне еніп, мектеп партасына отырды. Бұл күні мектеп-лицей оқушыларына арналып, «Мектебім-мейірім мекені» атты тәрбие сабағы өткізілді.
Жаңа оқу жылы баршаңыз үшін табыстарға толы жыл болсын!