Оқушының жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса - ол мұғалім еңбегі. Ұстаздардың еңбегі - ұлы еңбек.

Дата: 2023-05-29 10:37:09
Оқушының жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса - ол мұғалім еңбегі. Ұстаздардың еңбегі - ұлы еңбек.

Оқушының жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса - ол мұғалім еңбегі. Ұстаздардың еңбегі - ұлы еңбек. Білікті ұстаздан тәлім-тәрбие алған шәкірттердің алысқа шабары анық. Болашақ ұрпақтың бойындағы қайталанбас дарынын аша білген мектеп-лицей ұстаздары Дәстүрлі «Дарынды оқушы - өркениеттің басты құндылығы» атты ХҮ «Зияткерлер» форумында арнайы марапатталды. «Табысты педагог-2023» номинациясымен - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Тайжанова Карлыгаш Байкеновна, «Үздік жас маман» номинациясымен - тарих пәні мұғалімі Қасқабайұлы Әбдібек пен
информатика пәні мұғалімі Амантай Ерсұлтан Беркінұлы, «Үздік ғылыми жетекші» номинациясымен - ағылшын тілі пәні мұғалімі Сартаева Айнур Толеутаевна, «Үздік ұйымдастырушы» номинациясымен - ағылшын тілі пәні мұғалімі Баженова Асель Оразбековна марапатталды.

Дарынды оқушылардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған ұстаздарымызға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз.