19.05.2023 ж. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру мақсатында дәстүрлі «Кітап әлемді бағындырады» атты әдеби кітап сыйлау мерекесі өтті.
![19.05.2023 ж. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру мақсатында дәстүрлі «Кітап әлемді бағындырады» атты әдеби кітап сыйлау мерекесі өтті.](/media/img/blog/646b0f617100a.jpg)
19.05.2023 ж. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру мақсатында дәстүрлі «Кітап әлемді бағындырады» атты әдеби кітап сыйлау мерекесі өтті. Мерекеге мектеп-лицейдің ата-аналары, ұстаздары, оқушылары қатысты. Білім ордасының басшысы А.Т.Токейбекова адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы кітап екеніне тоқталып, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жыл бойы мектеп-лицей кітапханасының өткізген іс-шарасына белсенді қатысқан, кітапты сүйетін оқырмандарды арнайы номинациялармен марапаттады. Мерекеге арнайы мектеп-лицейдің белсенді оқырмандарын марапаттауға Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі атынан, Аркадий Гайдар атындағы балалар кітапханасының атынан марапаттауға №1 кітапхана филиалының қызметкері М.Қ.Утепова алғыс хаттарды табыстады. «Кітап ханшайымы» рөліндегі 2 Ә сынып оқушысы Арманқызы Малика, Жаңа Қазақстан ұрпақтарының жол сілтеушісі рухани қазына жайлы 1 «Ә», 4«А» сынып оқушыларынан құралған үгіт-насихат тобы тебіреніспен жеткізсе, жергілікті ақын-сазгер К.М.Бекмағанбетовтың «Кітап менің өмірім» әнін 3 «В» сынып оқушылары орындады. Мерекелік іс-шараның екінші бөлімінде бастауыш сынып, ортанғы буын, жоғарғы сынып оқушылары өздерінің сыйға дайындаған кітаптарын табыстады.