Ұрпақ болашағы - тәрбие мен білімде
27.09.22 ж. «Ұлы тұлғаның рухани әлемі» атты жазушы, драматург, қазақтың көркем сөз зергері, классик жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай 8- 11 сынып оқушылары арасында оқырман конференциясы өткізілді.
Жазушының өмірі мен шығармаларына арналған слайд көрсетіліп, еңбектеріне ақпараттық - шолу жасалынды. Конференция барысында Омарова Дильназ 9 Ә «Кінәмшіл бойжеткен», Манатова Аружан – 9 Ә «Жетім», Тұрсынбек Айсұлу «Қорғансыздың күні», Бижанова Айша 8 Ә «Сыбанның моласы», Кәрібай Жеңіс -8 Ә, «Жетім» Күмісханова Арсен 9А « Қилы заман», Омарханов Алихан 9 А « Қыр суреттері», Күлік Іңкәр 11 Ә «Абай жолы, Ғабдуманат Мирас 8 В «Көксерек», Болат Әмина 8 В «Қыр суреттері» т.б. шығармалары жайлы оқушылар өз ойларымен бөлісті.
ҚР оқу-ағарту министрлігі және Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Республика күніне орай "Республикам менің" атты челледжіне Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей оқушылары №2 Абай атындағы лицей оқулыларына жолдайды