«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Дата: 2023-01-12 11:05:47
25.09.2021 жылы оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9-10 сынып оқушыларынан құрылған «Руханият», «Парасат» топтарымен және кітапхана кеңесінің ұйымдастыруымен «Кітап - сарқылмас рухани әлем» зияткерлік ойыны өткізілді.
Зияткерлік ойын үш кезеңнен тұрды.
І кезең: «Сәйкестендіру».
- Облыстық «Бір отбасы - бір кітап» жобасы аясында «Тәуелсіздігіміздің
30 жылдығына 30 кітап» акциясы бойынша оқылған кітаптардың авторы мен атын дұрыс орналастыру.
ІІ кезең: «Көркем шығарма ізімен».
- Оқыған шығармадан үзіндіні толықтырып, өз ойын жеткізу.
ІІІ кезең: «Ұшқыр ой».
Экрандағы берілген сұрақтарға жылдам жауап беру.
Зияткерлік ойынның әділ бағасын берген қазылар алқасы: Саденов Қуандық Мақсұтұлы - ақын-сазгер, жергілікті «Пульс» газетінің тілшісі, Мағза Берлібек Балтабекұлы - мектеп-лицей директорының кәсіби бағдар беру ісі жөніндегі орынбасары, Жакупова Шынар Толеухановна - бастауыш сынып мұғалімі, Кумысханова Алина - 11 «Ә» сынып оқушысы, облыстық «Оқырман отбасы» байқауының ІІ дәрежелі Диплом иегері, Калыкбеков Даниал - 11 «А» сынып оқушысы, кітапхана кеңесінің жетекшісі.
Әділ қазылардың шешімі бойынша «Үздік оқырман», 9 «б» сыныбынан Мұқан Ақбота, «Көркемсөз шебері»,
9 «А» сыныбынан Амантаева Мадина «Ойы ұшқыр» 10 «Ә» сыныбынан Амангелдықызы Дамелия, 9 «Ә» сыныбынан Амангелды Ақарыс,Төлеухан Алуа 9 «А» сыныбынан дипломдармен марапатталды.