Мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту, білім алушылардың өзіндік қабілеттерін іске асыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы "Жетістік портфолиосы" атты мектеп парламенті арасында байқау ұйымдастырды
Мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту, білім алушылардың өзіндік қабілеттерін іске асыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы "Жетістік портфолиосы" атты мектеп парламенті арасында байқау ұйымдастырды.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: 1) "Болашақ мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқаруын қалай көремін?" эссе байқауы оқ; 2) "Мен - өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысымын", презентациялар байқауы; 3) Жобалар конкурсы;
"Болашақ мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқаруын қалай көремін?" эссе байқауына белсене қатысқаны үшін 9"Б" сынып оқушысы Қыдырбай Жанбота сертификатпен; "Мен - өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысымын" номинациясы бойынша жүлделі үшінші орынды 8"Б" сынып оқушысы Кәрібек Жеңіс, екінші жүлделі орынды 8"В" сынып оқушысы Габдулманат Мирас иеленді.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!