«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицей» КММ Педагог-психологтың 2014-2015 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша есебі

Дата: 2015-02-11 12:05:41
«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицей» КММ Педагог-психологтың 2014-2015 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша есебі

Психологиялық қызметтің басты мақсаты- даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).

2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.

4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау

Психологиялық қызмет 5 бағыт бойынша жүргізілуде

Психологиялық ағарту

Психологиялық диагностика

Психологиялық түзету

Психологиялық кеңес беру

Психологиялық алдын алу

 

Осы бағыттар бойынша: ҰБТ тапсыратын оқушылармен , аутодеструктивті жүріс-тұрысты алдын алу, ата-аналармен, педагогтармен, ерекше педагогикалық назарды талап ететін оқушылармен, сұраныс бойынша түскен оқушылармен, сырттай бақылау бойынша оқушылармен, жалпы оқушылармен жұмыстар, жеке әңгіме, кеңес беру, кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар  жүргізілуде.

1.ҰБТ тапсыратын оқушылармен психологиялық жұмыс.

2014-2015 оқу жылында ҰБТ тапсыратын оқушылардың тізімі алынып, оқушылар анықталды. ҰБТ-ға дайындық бойынша оқушыларға кеңестер жүргізілді. Оқушылардың бойында қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз-өзіне сенімділігін арттыру және көңіл-күйлерін көтеру, бір-біріне деген қарым-қатынасын нағайту мақсатында тренинг сабақтар және әр оқушымен жеке әңгіме жүргізілуде.Жеке әңгіме жүргізу нәтижесі бойынша оқушылардың қал-жағдайы жайында хабардар ету мақсатында ата-аналар шақыртылып, жеке әңгіме жүргізілуде.

ҰБТ тапсыратын оқушылар ата-аналарымен де жұмыстар жүргізілуде. Ата-аналарға кеңестер айтылып, ҰБТ тапсыратын оқушылар ата-аналарына арналған сауалнама алынды және ата-аналарға «психологиялық кеңес» бойынша жаднамалар таратылды. Сауалнамаға 23 ата-ана қатысты.

«Аутодеструктиті жүріс-тұрыстың алдын алу»мақсатында педагогтармен мектеп оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Педагогтармен «Аутодеструк» ұғымы, оның түрлері, оқушылар арасында қанша жастарда жүргізіледі, қандай шаралар жүргізілуі тиіс туралы семинар тренинг жүргізілді.

  «Аутодеструктиті жүріс-тұрыстың алдын алу» мақсатында оқушылармен «Мен таңдаған өмір» тақырыптарында тренинг сабақтарға 9-шы 10-шы сыныптар 102 бала қатысты, «Мен өмірді сүйемін»  сурет салудан 7-ші сыныптардан,«Өмір, қымбатсын маған» тақырыбында шығарма жазуданжұмыстары жүргізілді.  8-ші сыныптар, 66 бала қатысты.

5-6-7-8-ші Сыныптарда өтілген ата-аналар жинасына қатысып, ата-аналардан сауалнама алынып, (сауалнамаға 200 ата-ана қатысты) тренингтар өтілді. 9-шы сынып ата-аналарымен «Кәсіптік бағдар» бойынша семинар тренинг жүргізілді. Онда мамандық таңдау бойынша кеңестер айтылып, сауалнамалар алынып, «Менің көңіл күйім» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренингке 40 ата-ана қатысты.

Мектепке жаңадан келген жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында «Жас келсе іске» тақырыбында семинар тренинг жүргізіліп, жас мамандармен ойындар ойнатылып, ән айтылып, сауалнамалар алынды.

Ерекше педагогикалық назарды талап ететін оқушылармен (қиын бала) де жұмыстар жүргізілуде.Онда алдымен оқушылардың мінез-құлықтарын, ата-аналырымен, сыныптастарымен қарым-қатынасын анықтау және жеке әңгіме жұмыстары жүргізілуде. 1 жартыжылдықта 2 оқушы есепте болса, 2 жартыжылдық бойынша 5-11 сынып аралығы бойынша 3 оқушы бақылауда.

Кәсіптік бағдар бойынша:

Желтоқсан айында 9 –шы сынып оқушыларының 10-шы сыныпқа қалу немесе оқу оқуға түсу ой ниетін білу мақсатында «Сенің кәсіби ой-ниетің» сауалнамасы алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша:

Сыныптар

 

Барлығы

Қатысқаны

10-шы сыныпта оқу

 

Оқуға түсу

 

1

9 «А»

27

23

10

13

2

9 «Ә»

26

25

9

16

3

9 «Б»

28

27

6

21

4

9 «В»

25

23

5

18

 

Барлығы

106

98

30

68

 

           Кәсіптік бағдар бойынша 9-10 сынып оқушыларына «Мамандық таңдауға кеңестер» жүргізілді.

«Мамандық таңдауға дайындығын анықтау» мақсатында оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы:

Қатысқан 9-шы сынып оқушыларының35 % мамандық таңдауға сенімдері «төмен»,

55 %  оқушылардың  мамандық таңдауға сенімдері  « орташа»,

10 % оқушылардың мамандық таңдауға сенімдері  «жоғары»  екені анықталды.

 

10-сынып оқушыларынан да «Мамандық таңдауға дайындығын» анықтау сауалнамасы алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша  оқушылардың мамандық таңдауға сенімдері 44 пайызға «жоғары», 56 пайызға орташаны көрсетіп отыр.

Жеке тұлғаның типологиясы және оның мамандық тандауы бойынша алынған сауалнама қорытындысы

                                                                           

9 сынып

Реалды тип.Бұл тип өте жоғары эмоционалды. Осы шаққа негізделген олар нақты объктілермен  жұмыс істегенді қалайды. Өздеріне әрқашанда қозғалыста болатын  жұмыстар ұнайды. Бұл тип механик, жүргізуші, инженер.

Интелектуалды тип.Бұл типтегі адамдар өте ақылды және тәуелсіз болып келеді. Теориалық және эстетикалық құндылықтарға ие. Көбінесе ғылыми мамандықтарды тандайды. Өздеріне  - математика, география және т.б. творчествалық мамандарды тандайды.

Әлеуметтік тип.Бұл типтегілер әлеуметтік біліктіліктермен ерекшеленеді(қарым – қатынасқа түсе білу, лидер болуға ұмтылуда және т. б.). Тәуелсіз болғанды ұнатады. Белгілі бір маңызды қиын жағдайлардан шығуға жол тауып , дер кезінде одан құтыла біледі. Эмоциялды және сезімтал болып келеді. Олар адамдарға көмек кғрсетуде, кеңес беруде,  ерекшеленеді. Өздеріне – медецина, педагогика, психология секілді әрекет өрістерін жоғары бағалайды.

Шартты тип.Бұл типтегі адамдар өздеріне іс - әрекет құрылымында белгілі бір алгоритм бойынша, инструктура бойынша жұмысты қалайды. Нақты, кертартпа ақпараттармен жұмыс істеуде қабілетті. бухгалтер, экономист, финансист, саудаға жақыніс жүргізуші.

Талапты тип.Бұл типтегі адамдар өздеріне мақсатты, міндетті және де істейді. Лидер болуға ұмтылуда, тапқыр, агресивті болып келеді. Бұл типтегі адамдар өздеріне: дипломат, репетитор, менеджер, директорсекілді мамандықтарға қабілетті болып келеді. Бұл типтегі адамдар жақсы ұйымдастырушы бола алады.

Әртістік тип.Қоршаған ортамен қарым – қатынаста өте шапшан және жақсы араласа алады. Оның өмірге деген көзқарасы қиын.Мінез ерекшеліктері: белгілі бір шешім қабылдауда тәуелсіз,мықты, түп нұсқалық ойлайды. Өмірде ереже мен әдеп – ғұрыптарға сүйенбейді. Өздеріне творчествалықмінезді міндеттерді, яғни музыкаға әуестенуде, сурет салуда, гуманитарлық ғылымдарға қабілетті болып келеді. Бұл типтегі адамдарда қабылдауы өте жақсы дамыған. Қарым – қатынас жасауды біледі және ұнатады.Өздеріне:тарих, филасофия, өнер секілдіәрекеттерді ұнатады. Бұндай адамдар өздеріне: менеджер секілді мамандықтарды тандайды.

 

5ші сынып оқушыларының темперамент типтерін анықтау үшін Айзенк сауалнама алынды.

Холерик: – 17%

Сангвиник:– 41%

Флегматик:– 27%

Меланхолик:– 15%