"Мектеп парламенті Президенті " сайлауы нәтижесі
"Мектеп парламенті Президенті " сайлауы нәтижесі
"Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей" оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымын дамыту мақсатында 16 қыркүйек " Мектеп парламенті Президенті" сайлауы өтті.
Үміткерлерге дауыс беру 16 қыркүйек сағат 15:00-де тоқтатылды. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау оқушының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді. Сайлауға өз қалауларымен 3 үміткер қатысты. Олар:
#1 Дюсен Ақнұр - 9"Б"
#2 Бекенова Медина - 9"А"
#3 Қыдырбай Жанбота - 9"Б"
Сайлаушылар өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауға тең негізде қатысты және әрқайсысы тиісінше 1 дауыс қана берді.
Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 9"Б" сынып оқушысы Дюсен Ақнұр мектеп-лицей парламентінің Президенті болып тағайындалды.