Мектеп- лицейдің табалдырығын аттаған, жаңару мен жаңғыру жолында жаңа Қазақстанның білімге құштар жас өрендерінің құрметіне арналған салтанатты алғашқы қоңырау өтті.

Дата: 2022-09-06 20:44:17
Мектеп- лицейдің табалдырығын аттаған, жаңару мен жаңғыру жолында жаңа Қазақстанның білімге құштар жас өрендерінің құрметіне арналған салтанатты алғашқы қоңырау өтті.

1.09.2022 ж.

  • Мектеп- лицейдің табалдырығын аттаған, жаңару мен жаңғыру жолында жаңа Қазақстанның білімге құштар жас өрендерінің құрметіне арналған салтанатты алғашқы қоңырау өтті.
  • Мектеп- лицей директоры Төкейбекова Айгул Төкенқызы барша оқушылар мен ата-аналар, ұстаздарды Білім күнімен құттықтады.
  • Салтанатты шараның арнайы қонақтары Балқаш қалалық Мәлихаттың депутаты Болат Жарылғапұлы және мектеп- лицейдің «Қамқоршылық кеңесі» мүшесі Лаура Қизатқызы мектеп ұжымын құттықтай отырып, әлемдік өркениетке бет алған қазақ елінің болашағы болыңдар деген тілектерін білдірді.
  • Бұл күні барлық сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында ашық сынып сағаттары ұйымдастырылды.