«Қамқор» өңірлік ауқымды рейд

Дата: 2022-05-17 15:21:20
«Қамқор» өңірлік ауқымды рейд

12 мамыр 2022 жыл. Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде  мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Қамқор» өңірлік ауқымды рейд өтті.
Рейд мақсаты- әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж баласы бар отбасыларды анықтау. 
Ювеналды полиция тобы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары полиция капитандарыы Кобелдесова С.Т., Касымжанова А.К. бірлескен мобильді топтармен рейд жүргізілді. 
Рейд барысында қаламыздағы саяжайларға, орталық саябақтарға, жертөлелерге, жанармай бекеттеріне, авто жуу, орталық базарға, дүкендерге,  балалардың ойын алаңдарына тексеріс, бақылау, қарау жүргізілді.