"Әлихан мектептері альянсы" аясында волейбол ойынынан ауыспалы кубок турнирі

Дата: 2022-05-17 10:38:02

Шахтинск қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп — лицейінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысы "Әлихан мектептері альянсы" аясында волейбол ойынынан ауыспалы кубок турнирі болып өтті.
Турнирге альянсқа мүше 6 мектеп командасы қатысты.
Аладопты алақанда ойнатқан жарыста:
1 орынды — Әлихан атындағы мектеп — лицейі (50 мың теңге сыйақысымен) (Шахтинск қаласы);
2 орынды — Әлихан мектебі (30 мың теңге сыйақысымен,
/Қарағанды қаласы/)
3 орынды — Әлихан атындағы тірек мектебі және интернаты (20 мың теңге сыйақысымен /Ақтоғай ауданы/) марапатталды.
Арнайы сертификаттарға (10 мың теңгелік):
Әлихан атындағы мектеп лицейі (Балқаш қаласы);
Әлихан атындағы гимназия (Теміртау қаласы);
Әлихан мектебі (Нұра ауданы) ие болды.
Шахтинс қаласындағы Әлихан мектебі қонақтарға "Алаштың Әлиханы" сахналық қойылымын ұсынып, арнайы Карлагқа саяхат ұйымдастырды.Алаш арысы, ұлт көшбасшысы Әлихан бабамыздың рухы қолдап,
"Әлихан мектептері альянсы" игі істері жалғаса берсін!