"Әлихан мектептері альянсы" аясында волейбол ойынынан ауыспалы кубок турнирі

Дата: 2022-05-03 10:41:06
29.04.2022ж
Шахтинск қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп — лицейінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысы "Әлихан мектептері альянсы" аясында волейбол ойынынан ауыспалы кубок турнирі болып өтті.
Турнирге альянсқа мүше 6 мектеп командасы қатысты.
Аладопты алақанда ойнатқан жарыста:
1 орынды — Әлихан атындағы мектеп — лицейі (50 мың теңге сыйақысымен) (Шахтинск қаласы);
2 орынды — Әлихан мектебі (30 мың теңге сыйақысымен,
/Қарағанды қаласы/)
3 орынды — Әлихан атындағы тірек мектебі және интернаты (20 мың теңге сыйақысымен /Ақтоғай ауданы/) марапатталды.
Арнайы сертификаттарға (10 мың теңгелік):
 №15 Әлихан атындағы мектеп лицейі (Балқаш қаласы);
Әлихан атындағы гимназия (Теміртау қаласы);
Әлихан мектебі (Нұра ауданы) ие болды.
Шахтинс қаласындағы Әлихан мектебі қонақтарға "Алаштың Әлиханы" сахналық қойылымын ұсынып, арнайы Карлагқа саяхат ұйымдастырды.