Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы негізінде 4, 9 - сынып оқушыларының білім беру жетістігін мониторингілеу бойынша пән мұғалімдері мен мектеп-лицей әкімшілігіне және инженер жабдықтаушыларға семинар
Дата: 2022-04-19 11:43:43
18.04.2022 жылы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы негізінде 4, 9 - сынып оқушыларының білім беру жетістігін мониторингілеу бойынша пән мұғалімдері мен мектеп-лицей әкімшілігіне және инженер жабдықтаушыларға семинар жүргізілді. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» РММ-нің 2021-2022 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушыдардың білім жетістіктеріне мониторингті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі 2022 жылдың 7 сәуірдегі әдістемелік нұсқаулықтағы ережесі бойынша түсіндірілді.
Компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу;
4-сыныптар үшін:
Оқу сауаттылығы – 10
Математикалық сауаттылық – 12
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8
Максималды балл саны – 30 балл
4-сыныпта – 105 минут (1сағат 45мин), әрбір 25 минут сайын 10 минуттық үзіліс;
9-сыныптар үшін:
Оқу сауаттылығы (қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде) – 30
Математикалық сауаттылық – 13
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 32
Максималды балл саны – 75 балл
9-сыныпта – 170 минут (2сағат 50 мин), әр 35 минут сайын 10 минуттық үзіліс;
Тест болатын кабинеттерде кезекшілік ұйымдастыру;
Тестілеу басталғанға дейін бекітілген Қағидаға сәйкес оқушыларға өткізу қағидалары мен тестілеуді өткізу тәртібін түсіндіру;
Тестілеу күні оқушыларды кабинетке бір-бірден кіргізу;
Бірінші лекті сағат 9.00-де кіргізу, 9.30-да тестілеу басталады. Екінші лекті сағат 14.00-де кіргізіп, 14.30-да тестілеу басталады.
Тестілеу үшін логин, пароль ұсынылады;
Түсіндіру жұмыстарынан кейін оқушылар бағдарламалық жүйеге логин, пароль енгізу арқылы кіреді;
Мұқият оқып, енгізген ақпараттың дұрыстығын тексереді;
9-сынып үшін аты-жөні, логин, ЖСН толтырады.
Тестілеу аяқталғаннан кейін сауалнама сұрақтарына жауап береді;
Тестілеу нәтижесі сауалнама аяқталғаннан кейін мониторда әр оқушы үшін жеке көрсетіледі;
Тестілеу болған күні мектеп-лицейдің басшысы мен мұғалімдері сауалнамадан өтеді;