“Ғылым, техника, табиғат” жаратылыстану - ғылыми сауаттылық апталығының ашылуы
28.02.2022 күні “Зейін” жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен “Ғылым, техника, табиғат” жаратылыстану - ғылыми сауаттылық апталығының ашылуы онлайн форматта өтті .
Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану пәндерін оқуға қызығушылығын арттыру, жаңа ойлау стилі бар, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
Апталықтың ашылуын салтанатты саптық жиынын география пән мұғалімі Сатбек Саламат Кенжеғалымұлы құттықтау сөзімен ашылды . Оқушыларды апталықтың ашылуымен құттықтап , қатысушыларға сәттілік тіледі.
Апталықтың барысында өткізілетін іс-шара жоспары таныстырылып ,
7-8 сынып оқушыларының дайындаған бейнебаяндары көрсетілді :
" Жаратылыстану бағытындағы ғылыми танымдық кітаптарға шолу”;
"Физикалық тәжірибелер”;
"Биологиялық модельдер";
"Химия адам өмірінде” тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп ,жаратылыстану бағытындағы ұғымдар , зертханалық жұмыстардағы физикалық шамаларды күнделікте өмірде қолдануды үйренді.