«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының қорытындылау кезеңі

Дата: 2022-02-08 10:45:37
«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының қорытындылау кезеңі

05.02.2022 күні «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен өткізілетін «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының қорытындылау кезеңі онлайн салтанатты жиын форматында, жоспарға сәйкес өткізілді.

Салтанатты жиын барысында апталық бойы өткізілген іс-шаралар сараланып, нәтижесі қорытындыланды.

«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығына қатысқан оқушылар әртүрлі бағыттағы бағдарламалар және қолданбалармен тәжірибелік жұмыстар жасады.

Оның ішінде: Python, C++, платформалар – Padlet, Kahoot, Quizziz, Scratch – балалар мен жасөспірімдерге арналған визуалды-блоктық, оқиғалық-бағдарланған графикалық интерпретатор, аудио және видеомонтаждау бағдарламалары – Adobe Premiere Pro, Movavi, FL Studio, сонымен қатар жүйелі блоктың құрылымымен танысты.

Ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығында ұйымдастырылған іс-шаралар мектеп-лицейіміздің Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде уақытылы жарияланып отырды.

«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығына белсенді қатысқан оқушылар мен мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!