Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына көмек
Дата: 2021-01-12 15:59:10
2021 жылғы қаңтардан бастап Қарағанды облысының білім басқармасымен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата - аналарын қолдау үшін Telegram каналында чат іске қосылды. Чатта ата - аналарға білім беру бөлімдерінің басшыларынан, психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар, психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандарынан балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша консультациялық көмек алу мүмкіндігі берілді.
Чатқа сілтеме: https://t.me/joinchat/Fvduc9qdXDn2bc_p