2020-2021 оқу жылындағы мектеп кітапханасының жылдық жұмыс жоспары

Дата: 2020-09-25 12:13:58

2020-2021  оқу жылындағы мектеп кітапханасының

жылдық жұмыс жоспары

 

«Өмірде бәрі өзгермелі тек кітапхана мәңгілік»

Н.Ә.Назарбаев

 

 

         Тәрбие мен білім егіз ұғым десек, жан-жақты білім мен тәрбие беретін мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы.

         Мектеп кітапханасы – кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саяси сапасын қалыптастырып, ғылыми, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлеуметтік орын. Біздің жауапкершілікті міндетіміз: кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, жан-жақты дамыту болып табылады.

         «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «XXI ғасырда білімсіз өмір өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапсыз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздер бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. 

         Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы жолында рухани байлықты тереңдете оқыту мен насихаттау ірі мәселелердің бірі. Сондықтан қазақ халқының қоғамдық саяси, әлеуметтік мұралары мен бай рухани қазыналарын сақтап, қорғап қалыптастыру мен насихаттау кітапхана қызметкерлері үшін қашанда басты міндет. Қоғамның интеллектуалды бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру мен еліміздің мәдени және ақпараттық тұтастығын қамтамасыз етуде кітапхананың алатын рөлі ерекше. Заманауи мектеп кітапханасы ақпарат жинақтаушы және сақтаушы, білімдер жиынтығының қуат көзіне айналуда. Академик Д.Лихачев:«Кітапханашы өзінің жалғыз тақырыбымен емес, өзгелердің көптеген «бөгде» тақырыптармен жұмыс істейтін ғалым» демекші, мектеп кітапханасының негізгі жүйесін жетілдіруде жоспарлы түрде көптеген  іс-шаралар өтеді.

        

 

 

 

        Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ негізінде  жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының  рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, цифрландыру - серпінді дамудың  өзегі,  алфавиттік, жүйелі каталогтарды, мақалаларды жүйеге алу картатекаларын электронды жүйеге енгізу. Еліміз үшін маңызды болып табылатын  стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенді, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы.

          Мектеп-лицей кітапханасы Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының кітапхана - ақпараттық қызметін көрсету, үйлестіру, білім процесін ақпараттық-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етіп, мектеп-лицейдің стратегиялық даму бағыттарымен бірлесе қызмет атқарады. Сондықтан, жылдық жоспардың басым бөлігі оқу-тәрбие жоспарына негізделеді. Қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр түрлі кітапханалық іс-шаралар: поэтикалық марафон, флешбук, букктрейлер, әдеби сағаттар, оқырман конференциясы  өткізу негізінде оқушылардың кітап оқу қызметін қалыптастыра отырып, тілдерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға көмектесу, мектеп-лицей тыныс-тіршілігі жайлы БАҚ беттеріне уақытында мақала жазу.

     Біртуар тұлға Бауыржан Момышұлы : «Жақсы, мазмұнды бір кітап оқыған-бір мектепті бітіргенмен тең» дегендей, кітап оқуды дамыту: жаңа мүмкіндіктерді ата-аналар, сынып жетекшілер,  кітапхана активтері   арқылы Ә.Бөкейханның  өмір жолдары мен шығармашылығына арналған оқырман конференциясы, кітап көрмесі, әдеби колейдоскоп, Ә.Бөкейхан оқуларын, брифринг өткізуді дәстүрге айналдыру,  рухани жаңғыру жарқын болашағымыздың негізі,мәдени өнімдеріміз рухани құрал – алдымен кітап түрінде өркендеуі тиіс,  республикалық «Бір ел-бір кітап», "Кітап әлемді бағындырады"  кітап сыйлау акциясы,   облыстық «Бір аймақ-бір кітап» 2-11 сыныптар арасында READx, Book Start, READing Time,  дәстүрлі жобалары,  «Интернет орнына кітап»бір күндік акциясы) «Оқуға міндетті 100 кітап», Вookcrossingөзара кітаптарды алмасу, үзілісте сынып болып кітап оқу, дәстүрлі «Оқитын отбасы – табысты отбасы» отбасы болып кітап оқитын ата-ана арасында  сайысты тұрақты өткізу.

       Ата-бабаларымыз «Кітап- көп ақылдың құйылған көлі» деп текке айтпаса керек. Кітап оқу ой-өрісімізді кеңейтеді, ойлауға, дұрыс сөйлеуге, есте сақтау мен қатар, қиялды дамытады. «Мен кітапхананы ақыл-білім,адамгершілік ордасы деп білемін.Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын»деген ұлы жазушы Ә.Кекілбаев.Шынында да кітапты таңдай білудің өзі үлкен өнер. 2 сәуір- «Халықаралық балалар кітаптарының күні», ал 23сәуір-«Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады. Осы атаулы күндерге орай мектеп кітапханасында ашық есік күндерін өткізуді дәстүрге айналдыру.

       Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай өмір жолы шығармашылығына арналған «Алаштану бөлмесіндегі» әдебиеттерді толықтырып, жаңартып отыру және түрлі формада іс-шаралар ұйымдастыру.

Мектеп- лицейдің ақынжанды, ойы алғыр қаламы ұшталып жүрген «Жас өркен» жастар  медиасының  жас тілшілерінің  жоспарланған іс- шараларын жандандыру.   

Заманауи әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасау, оқушының кітапқа деген қызығушылықты ояту мақсатында Назарбаев зияткерлік мектебінің  әдіс-тәсілдері оқушылардың сыни жіне логикалы ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Мысалы, «Қол арқылы талдау», «Концептуалды саты», «Сюжет-кейіпкерлер-кейіпкерлердің сипаттамасы» - берілген сұрақ-тапсырма бойынша оқушыларға, кітаптың мазмұнын жазбаша түрде талдауға үйретеді; «Keyword Hexagon» - түйінді сөздер арқылы кітаптың мазмұнын еске түсіріп, толық ашуға көмек беретін әдіс; «Венн диаграммасы» - екі суреттің ұқсастығы мен айырмашылығын табу; «Визуалды материалды оқу» - суретті жазбаша түрде талдау; «Жоба 1,2,3» - оқыған кітап не шығарма бойынша эссе жазу; «Әдеби джем» - шығарманың әр жолмен қиылған жеке беттерін жинастыру; шығарманы сурет және пазлдар арқылы жинастыру. PISA (оқушылардың білім мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы) зерттеуі бойынша, балалық шақтан кітап оқуға бейімделген баланың дамуына және табыс деңгейіне қол жеткізуге үлкен мүмкіндік тудырады.

Интернет дәуірінде жаһандық желі жалпы мәдени өмірдің және кітапхана қызметінің маңызды бөлігіне айналды.Бүгінгі кітапханаларда пайдаланушылар үшін құжаттарды электронды жеткізу (ЭДД),виртуалды анықтамалық қызметтер,Интернет ресурстары бойынша виртуалды жолсілтемелер,деректер қорына және электронды каталогтарға онлайн-қолжетімділік,тақырыптық веб-жобалар сияқты қызметтерді жалғастыру. Электронды көрмелер- кітапхана қызметінің маңызды өнімі болып табылады. Мультимедиялық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген виртуалды көрмелер кітапхана өнімдерінің ашық ақпараттық кеңістікте қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, кітапхана имиджін қалыптастыруға, кітапханалық қызмет сервисін дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.Сондықтан алдағы уақытта «Әлем таныған –Ұлы Абай», «Ұлт көсемі-Әлихан Бөкейханов», «Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты», «Тіл-достықтың алтын көпірі», «Туған жерге қызмет - патриотизм өзегі», «Ел бірлігі-басты құндылық», «Рухани жаңғыру-жарқын болашағымыздың тұғыры», «Мәдени мұра-халық игілігі», «Көкше көлінің ырысты мекені-Балқаш», тақырыптарында виртуалды көрмелер әзірлеу. Алдағы уақытта оқырманның шығармаларды толыққанды таңдауына, қабылдауына және ұғынуына мүмкіндік беретін электрондық кітапхана қызметін көрсету жоспарлануда.Деректердің қашықтағы базаларына қатынау;

Оқулықтармен қамсыздандырылуды автоматты түрде анықтау үшін мектептің құрылымы мен әрбір сыныптағы оқушылардың саны туралы ақпаратты енгізу;

Кітап беруді есепке алу жұмысын автоматтандыру;

Мектеп кітапханасы борышкерлерінің сыныптар бойынша автоматтандырылған есебін жүргізу;

Ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының базаларын пайдалана отырып оқулықтарға тапсырыс қалыптастыру;

Оқушылардың оқылым аясын талдау;

Электронды каталогты және мектеп тақырыбына сәйкес келетін түйінді сөздер тізімін пайдалана отырып сабаққа қажетті әдебиеттер іріктеу;

Кітапхана қорындағы немесе интернет арқылы қашықтағы деректер базасындағы толық мәтінді және мультимедиалық ресурстарға қатынау;

    Кітапхана саласында қолданып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын автоматтандыру – бұл бүгін күннін белесі. Заманауи мектеп кітапханаларының басты міндеп біртұтас электрондық кітапханалық жүйені қалыптастыру, автоматтандыру жұмыстарын кеңейту.

     Балаларды кітап оқуға тарту – жас ұрпақтың ұлттық рухын биіктетіп, мәдениеттілігі мен ой-өрісінің дамуына ықпал жасайтын негізгі бағыт болып саналады.Кітапхананың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі, жас оқырманның таусылмас қазынасы, мәңгілік жан азығы кітапқа деген қызығушылығын арттыру, қадір-қасиетін ұғындыру Белгілі бағдар бейімі анық оқырман, оқырманның өзіне сенімін қалыптастыру, баспасөз беттерінде оқушы шығармашылығын жариялау. Кітапхананың тұрақты отбасылық оқырмандары, ата-ананың жауапкершілік сезімін көтеруге ықпал ету.

 Мақсаты:

  • Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республика үкіметінің кітапхана ісінің мәселелері жөніндегі шешімдерін, Білім министрлігінің бұйрықтарын және осы жоспарды басшылыққа алу;
  • Кітапханада электронды ресурстар галлереясын ұйымдастыру;
  • Электронды басылымдарға кеңейтілген түрде виртуалды көрмелер коллекциясын ұйымдастыру шараларын ойластыру;
  • Оқушыны кітапқа құштарлыққа, кітапхананы пайдалана білуге және кітап оқу арқылы тіл байлығын кеңейтіп, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытуға, оқулықты таза ұстап, кітапты құрметтей білуге тәрбиелеу. 
  • Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру;
  • Салт-дәстүрін құрметтеуге, Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау;
  • Жүргізілетін жұмыстың мақсаты – ұлттық рухани жіне интеллектуалды сілкінісінің қажетті құралы ретінде оқуға оқырмандарды тарту.

 

ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

  • Жеке тұлғаны тәрбиелеуде оқушы дарынын жетілдіру үшін қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
  • Кітап қорының жұмыс қалпын сақтау;
  • Ұлт  көшбасшысы  Әлихан Бөкейханның шығармаларын  насихаттау;
  • Оқушыларға отандық және шетел әдебиетінің құндылықтарын ұғындыру;
  • Ақпараттық жолмен оқырмандар назарына дәстүрлі емес кітап көрмелерін ұйымдастыру;
  • Оқулықтарды күтіп ұстауға, жыл аяғына дейін жақсы дәрежеде өткізу үшін бақылау шараларын ұйымдастыру.
  • Цифрландыру - серпінді дамудың  өзегі,  (алфавиттік, жүйелі каталогтарды, мақалаларды жүйеге алу картатекаларын электронды жүйеге енгізу);
  • Кітапхананың қоғамдық іс-шараларын мектептің алға қойған мақсаттарына сай жүргізу;
  • Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
  • Оқушылардың танымдылық қабілеттері мен қызығушылығын кітап оқу арқылы дамыту.
  • Кітапхана жұмысында мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, мектеп педагогикалық ұжымымен бірлесе даму және қалыптасу консепциясын құру;
  • Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
  • Білім алушыны кітап оқуға деген ықыласын артыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту;
  • Библиографиялық ақпараттандыру – оқырмандардың сұранысына сәйкес библиографиялық ақпаратпен жүйелі қамтамасыз ету;
  • Белгілі бағдар бейімі анық оқырман, оқырманның өзіне сенімін қалыптастыру, баспасөз беттерінде оқушы шығармашылығын жариялау.Кітапхананың тұрақты отбасылық оқырмандары, ата-ананың жауапкершілік сезімін көтеруге ықпал ету.
  • Оқырманның өзін-өзі басқару арқылы әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы тәрбие жұмысында оқырманның жеке дамуын бақылау;
  • Кітапханада қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқырманның өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;

 

 

 

 

 

БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КІТАПХАНЫҢ ОҚЫРМАНДАРҒА  ҚЫЗМЕТІ

І.2020-21 оқу жылының кітапхана көрсеткіші

ІІ.Кітап қорын толықтыру

ІІІ.Кітап қорының есебі. Келіп түскен басылымдарды қабылдау.

IV.Кітапхана қорынан шығарылатын кітаптар есебі

V. Кітаптарды жіктеу,  авторлық белгілерді анықтау, қормен жұмыс.

VI.Оқырмандарға қызмет көрсету, жұмыс есебі.

VII.Ақпараттық – библиографиялық жұмыс.

VІII.Көпшілік мәдени-шараларға қатысу

 

КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • Ә.Бөкейханның өмір жолдары мен шығармашылығын насихаттау
  • Оқушыларды  әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары
  • Өлкетану ізденіс жұмыстарына оқушыларды баулу.
  • Кітапхана активтерімен  жұмыс ((
  • Оқу үрдісіне ақпараттық жәрдем беру.
  • Атаулы күндерге арналған кітап көрмелерін ұйымдастырып, іс-шаралар өткізу.
  • «Жас өркен» баспасөз орталығы  жас тілшілерінің жұмысын жалғастыру.
  • «Оқитын отбасы» сайысын жалғастыру.

І. Көрсеткіштер 2020-2021 оқу жылы

Р/с

Көрсеткіштер

жоспар

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІV тоқсан

1

Оқырмандар саны

820

280

200

200

140

2

Келу саны

7800

2520

1800

1800

1680

3

Кітап беру саны

69000

23060

17040

17040

11860

                                          ІІ. Кітап қорын толықтыру.

р/с

жұмыстың атауы

 

жұмыс көлемінің өлшемі

уақыт нормасы

жұмыс нормасы

1 сағат ішінде

8 сағат ішінде

1.

«Мерзімді баспасөз – деректер көзі» (Мерзімді басылымдарға 2021 жылдың І, ІІ жарты жылдығына жазылу).

бір тапсырыс

3 мин.

20

160

2.

«Үзілісте кітап оқу», «Отбасымның сүйікті кітабы» (акцияларын жалғастыру.) республика-лық  «Бір ел-бір кітап», "Кітап әлемді бағындырады"  кітап сыйлау акциясы,   облыстық «Бір аймақ-бір кітап» 2-11 сыныптар арасында, «Оқуға міндетті 100 кітап», Вookcrossing өзара кітаптарды алмасу, дәстүрлі "Оқитын отбасы" сайыстарын өткізу.

бір дана

7 мин. 30сек

8

64

3.

Оқырман сұранысын орындау мақсатында уақытша пайдалануға А.Гайдар атындағы балалар кітапханасымен, №1,2,4 кітапхана филиал-дарымен, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханалармен  жылжымалы кітап көрмелерін ұйымдастырып, іс-шараларға қатысу..

бір тапсырыс

2 мин.

30

240

                     

ІІІ. Кітап қорының есебі.

р/с

жұмыстың атауы

жұмыс көлемінің өлшемі

уақыт нормасы

жұмыс нормасы

1 сағат ішінде

8 сағат ішінде

  1.  

11 сыныпқа келетін оқулықтарды ілеспе құжат арқылы тексеріп, саны мен құнын есептеу, инвентарьлық номер қойып,  жиынтық есеп кітабына жазу

бір атау

7мин. 30сек

8

64

 

  1.  

Жаңадан түскен мерзімді басылымдарды картотекаға тіркеп, 3-17 мөр басу.

 

бір атау

 

1мин.

60

480

 

  1.  

«Білімал», «НОБД» электронды мектеп  кітапхана модулін толтыру

Бір атау

2 мин

30

240

 

                 

               

   IV. Кітапхана қорынан шығарылатын кітаптар есебі

Р/с

жұмыстың атауы

жұмыс көлемінің өлшемі

уақыт нормасы

жұмыс нормасы

1 сағат ішінде

8 сағат ішінде

1

Қалалық білім бөлімінің бұйрығы бойынша стандартқа сай келмейтін оқулықтардың актісін  жасап қаржы бөліміне есеп беру.

бір акт

4мин.

15

120

2

Жоғалған кітаптардың, оқулықтардың орнына оқырмандардан қабылдаған кітаптарды арнайы құжатқа толтырып, оқырманның қолын қойғызып,  арнайы инвентарь кітабына белгі соғып, акті бойынша шығару.

бір құжат

4мин.

15

120

3.

 Шығыстан шығарылған кітаптарды мұғалімдердің сұранысы бойынша оқу

кабинеттеріне таратып, қалған бөліктерін макулатураға өткізіп арнайы берілген счетқа ақшасын салып түбіртегін тігіп отыру

бір дана

2 мин. 30сек

24

192

 

         V. Кітаптарды жіктеу,  авторлық белгілерді анықтау.

Р/с

 жұмыстың атауы

жұмыс көлемінің өлшемі

уақыт нормасы

жұмыс нормасы

1 сағат ішінде

8 сағат ішінде

  1.  

Мерзімді басылымдарды реттік нөмірі бойынша орналастырып, тігіп отыру.

бір құжат

5 мин.

12

96

  1.  

Кітаптарды кітап сөрелеріне әр ғылым саласы бойынша орналастыру (жаңадан келген).

бір құжат

36 сек.

100

800

  1.  

Мақалаларды жүйеге алу картотекасын, жаңа басылымдар келгенде толтырып отыру.

бір атау

6 мин

10

80

  1.  

Тақырыптық  папкаларды  толықтырып отыру.

бір атау

2 мин

30

240

 

 

 

 

VI. Оқырмандарға қызмет көрсету.

Р/с

 жұмыстың атауы

жұмыс көлемінің өлшемі

уақыт нормасы

жұмыс нормасы

 

1 сағат ішінде

8 сағат ішінде

 

  1.  

«Жас өркен» жастар медиасы кітапхана кеңесінің  жоспарын құрып, жаңадан құрамын сайлап бекіттіру.

1оқырман

1мин.12сек

50

400

 

  1.  

Жаңадан тіркелген оқырманға кітапхана ережесімен тұрақты таныстырып отыру.

1оқырман

5 мин

12

96

 

  1.  

Жаңа оқу жылының оқулықтарын жыл соңында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығы, Балқаш қаласының білім бөлімі                 2017 жылғы 16 мамыр № 270 бұйрықтары негізінде  сыныптар бойынша   тарату.

1 сыныпқа

1сағ.15мин.

-

49450 (7 ж.к. 6сағ.)

 

  1.  

Жоспар бойынша мәдени іс-шараларды өткізу.

1 шара

45 мин.

45

360

 

  1.  

Ашық есік күнін өткізу, кітапханаға саяхат.

 1 саяхат

15 мин

4

32

  1.  

Қарыз оқырмандармен жұмыс.

1оқырман

2 мин.30сек.

24

192

  1.  

Оқырмандарды мерзімді басылымдарға жаздыру.

1оқырман

1 мин. 30сек

40

320

  1.  

Өткен жылдың есебін жазу.

1 есеп

24сағ.(3ж.к.)

-

-

  1.  

Жылдық жоспар жасау.

1 жоспар

24сағ.(3ж.к.)

-

-

                 

      

  VII. Ақпараттық – библиографиялық жұмыс.

Р/с

 жұмыстың атауы

жұмыс көлемінің өлшемі

уақыт нормасы

 
 
  1.  

«Библиография – кітап таңдаудың кілті»(ақпараттық сабақ)

бір іс-шара

36сағ.

(4ж.к.2сағ.)

 

  1.  

«Ақпаратты білгенің - алда жүргенің» (айына бір рет радио - тораптан ақпарат беру).

бір іс-шара

9сағ. (1ж.к.30мин..)

 

  1.  

Педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырысқа  қатысып отыру.

бір кеңес

20 сағ.

(1ж.к.2,5 сағ.)

 

         

 

VІII. Көпшілік мәдени-шаралар.

р/с

жұмыстың мазмұны

формасы

сағаттық норма

жауапты

Қыркүйек

 

Ата Заң - мемлекеттің негізі

кітап көрмесі

7мин. 30сек.

кітапхана

 

Келешектің кепілі-кемел білім

кітап көрмесі

7мин. 30сек.

кітапхана

 

«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов және қазақ тілі»

 (Республикалық тілдер мерекесі)

апталық

7мин. 30сек.

кітапхана

 

«Кітап  мәңгілік парасаттың киелі ғибраты» (оқуға міндетті 100 кітап жобасы)

оқу күні

45 мин

кітапхана активтері, ата-аналар комитеті мүшелері

 

Цифрландыру - серпінді дамудың  өзегі(алфавиттік, жүйелі каталогтарды, мақалаларды жүйеге алу картатекаларын

электронды жүйеге енгізу

60 мин

кітапхана

Қазан

     

 

 

 

«Ұрпақ тәрбиесі ұстаздың қолында»

радиотораптан құттықтау

7 мин

«Жас өркен» баспасөз орталығы

 

"Қазақ әдебиетінің ақсұңқары"  /С.Сейфуллиннің  туған күніне орай/

поэтикалық марафон

45 мин.

кітапхана

8 сынып оқушылары

 

«Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол»

ақпараттық сағат

7мин. 30сек.

кітапхана,

Әсемханова Г.Б.

 

«Тарихи тұлғаның рухани мұралары»

/Әбу-Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл/

тарихи сағат

40 мин

Кітапхана

С.Сатбек

Қараша

 

 Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің белгісі

қаржы сабағы

40 мин

кітапхана

Рахимберлина А. Н.

 

Бабалар сөзі-даналық көзі

Зияткерлік ойын

45 мин

6 «А»,6 «Ә»,6 «Б»,  6«В» сыныптар

Желтоқсан

 

 «Халықтың ұлы перзенті»

(Бірінші Президент күніне арналған )

портрет кеші

40 мин.

кітапхана,

 

«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік»

кітап көрмесі

7мин. 30сек.

кітапхана

 

 

ЖИТС-ХХІ ғасыр індеті

ақпараттық сағат

15 мин.

кітапхана Аткельтирова М.С.

 

Ынтымағы жарасқан-білім ордасы(Мектеп күніне арналған)

«Жас өркен»   №2 саны

60мин.

 «Жас өркен» баспасөз орталығы

 

"Өлең, мен сені аялап өтем..."
 /Ф.Оңғарсынованың туған күніне орай/ 

 Библиографиялық-ақпараттық сағат

40 мин

кітапхана, қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімдері

 

«Бір аймақ-бір кітап» облыстық дәстүрлі акция

әлеуметтік жоба

жыл бойы

5-11 сыныптар

Қаңтар

 

Ақпаратты білгенің, алда жүргенің (жаңа басылымдарға шолу)

радио тораптан хабар

10 мин.

кітапхана

кеңесі мүшелері

  1.  

Елеулі күндер-ел тарихының айғағы

ақпаратты шолу

40 мин.

кітапхана

 

  1.  

Абай  тағылымы  – халық тағылымы

сынып сағаты

40 мин.

кітапхана кеңесі,

Алиева Д, Сатбек С

  1.  

Балалар әлемі-ертегілер елінде

/әр халықтың ертегілеріне саяхат/

ауызша журнал

40 мин.

2 «А», 2 «В» сыныптар

  1.  

 «Бала тілін ұғынған-қаламгер»/Ә.Табылдиев 95жас\

әдеби портрет

40 мин.

кітапхана, бастауыш сынып мұғалімдері

Ақпан

  1.  

Поэзия пайғамбары /М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл\

Поэтикалық марафон

40мин.

кітапхана  кеңесі,

«Жас өркен» баспасөз орталығы

  1.  

Халық поэзиясының дара тұлғасы/Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл\

әдеби сағат

7мин. 30сек.

кітапхана

Наурыз

  1.  

Алғыс айту – парызым!

кітап көрмесі

7мин. 30сек.

кітапхана

  1.  

«Елін сүйген ұлт көсемі-Әлихан» /Ұлт мақтанышы, Алаш ардақтысы Ә.Бөкейхановтың туғанына 155 жыл/

онкүндік

Он күн

1-11 сыныптар

  1.  

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

 

Буктрейлер

7мин. 30сек.

кітапхана

  1.  

«Көгілдір көктем қызықтары» (көктемгі демалыс)

әр түрлі іс-шаралар

32 сағ.

(4ж.к.)

кітапхана

  1.  

  «Интернет орнына кітап» бір күндік акциясы)

акция

40 мин

кітапхана

Сәуір

  1.  

«Кітап және оқу:жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы»

(кітап апталығы)

дөңгелек үстел

60 мин

кітапхана

кеңесі мүшелері

  1.  

«Оқитын отбасы-2021».

(Оқимыз, талдаймыз, көреміз отбасылық бағытта  өтетін)

отбасылық сайыс

45 мин.

кітапхана, 5-6 сынып оқушылары, ата-аналары

  1.  

Жол көлік апаты және тұрмыстық жарақат

кітап көрмесі

7мин. 30сек.

кітапхана

АткельтироваМ.С

  1.  

"Кітап әлемді бағындырады" 

кітап сыйлау акциясы

40 мин

Кітапхана,

  1.  

 «Көкше көлінің ырысты мекені-Балқаш»

/қаланың туған күніне орай/

әдеби танымдық сағат

40 мин.

кітапхана 

5-7 сынып жетекшілері

Мамыр

  1.  

Мәңгілік елдің бірлігі- бекем!

кітап көрмесі

7мин. 30сек.

кітапхана

  1.  

Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!

ақпараттық сағат

7мин.30сек

кітапхана

  1.  

«Отбасы- тәрбие бастауы» /халықаралық отбасы күні/

тренинг

40 мин

2,3-сыныптар

  1.  

Кітап – білімнің қайнар көзі

оқулық жинау

48сағ (6ж.к.)

кітапхана

  1.  

Жылдық есеп

1 есеп

24сағ. (3ж.к.)

кітапхана

  1.  

Жылдық  жоспар жазу

1 жоспар

24сағ. (3ж.к.)

кітапхана

 

Орынд:Башарова Г.Т