Размер шрифта:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ПЕДАГОГИКАНЫ ИГЕРУІ

Дата: 2013-11-18 11:08:03
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ  ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ПЕДАГОГИКАНЫ ИГЕРУІ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ  ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ПЕДАГОГИКАНЫ ИГЕРУІ

ДубирбековаК.Ш.,Жунус Н.Г.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүргізу, білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу» деп көрсетілген. 12 жылдық жалпы білім беретін мектеп жағдайында шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруды, тұлғаны әлеуметтендіруді, бейіндік оқытуды, көп тілділікті қамтамасыз ету арқылы мүмкін болады. Осы аталған басымдықтарды жүзеге асыруда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған жаңа білім беру мекемесі мұғалімдердің кәсіби құзырлықтарының өсуіне аса мән беруде. Қазіргі отандық педагогикалық қоғам білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттерін жүзеге асыруда.

Құзырлық оқытушының мамандықпен ғана шектеліп қалмай, ауқымды сұрақтар төңірегінде бағытталуын, кәсіби мобилділігін, өзгерістерге ашықтығын, өз білімін дамытуға дайындығын қамтамасыз етеді.

Кәсіби құзырлылық негізіне тәжірибелік біліктілік жатқызылады. Ол педагогикалық тапсырмаларды орындауға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі.

Кәсіби біліктілік мұғалімнің бойынан: ақпараттық-мазмұндылық; әлеуметтік-тұлғалық; рухани-адамгершілік; операциялық-процессуалдық құзырлылықтар кездеседі.

рефлексия

интеллектілік

 

азаматтылық

іскерлік

 

беделділік

сауаттылық

 

кәсібилік

Кәсіби құзырлылық

 

әдіскерлік

қабілеттілік

сезімталдық

 

 


дайындық

 

 

тәжірибелік біліктілік

дағды

мәдениеттілік

адамгершілік

 

қарым-қатынас

       мінез

 

 

 

 

 

Педагогтің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласы: «теориялық білім + тәжірибе рефлекциясы = даму».

Ең бастысы, заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр  елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени-рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастыру – әр ұстаздың басты міндеті болуы керек.

Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді де білікті мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шығара алады. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі педагогтардың біліктілігін арттырудың жаңа жобасын  кезең-кезеңімен жүргізе бастады. Инновациялық білім беру ұйымдарындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілу үстінде. Жоғары білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру мақсатында мектебімізде қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі болып отырған педагог кадрларды әзірлеу және олардың біліктілігін арттыру жолдарын жетілдіру жұмыстары жан-жақты атқарылып жатыр.

«Ресурстық орталық бейіндік оқытуды жүйелі түрде іске асыратын механизм ретінде» тәжірибелік-эксперименттік жұмысының бағдарламасының миссиясы: Еңбек нарығының нақты қажеттілігін ескере отырып оқушылардың әлеуметтенуі мен дербестенуіне бағытталған бағдар алды дайындық пен бағдарлы оқыту жүйесі арқылы кәсіпке дейінгі, сапасы жаңа іскерлік дағдыны меңгерген бәсекеге қабілетті, құзыретті оқушылардың білім беру кеңістігін қалыптастыру.

ТЭЖ мақсаты: Қала жағдайындағы ресурстық орталық құру, оны бейінді оқытуды жүйелі түрде іске асыру механизмі ретінде қабылдау.

ТЭЖ педагогикалық мақсаты:Тұлғаның және қоғамның қызығушылығын қанағаттандыру, аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігі мақсатындағы оқушының жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы және кәсіптік анықталуы үрдісін ресурспен қамтамасыз етуді теориялық негіздеу мен тәжірибеде өңдеу

Бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер:

1.     Оқушылардың өзінің жеке басын өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға жағдай жасайтын шығармашылық процесстің қалыптасуы.

2.     60 пайызында ең шешуші құзыреттіліктердің қалыптасуы.

3.     Мектеп оқушыларының ойдағыдай әлеуметтенуі.

4.     Ресурстық орталықтың моделін енгізу және оны ойдағыдай сынақтан өткізу.

5.     РО бірыңғай оқу жоспарын ойдағыдай сынақтан өткізу.

6.     Білім беру үрдісіндегі вариативтілікті дамыту (әр түрлі формалар, технологиялар, мазмұны, бейіналды дайындық пен бейінді оқыту үрдісінің ойдағыдай жүзеге асуы)

7.     БОРО нормативтік – құқықтық базасының кешені.

8.     РО-тың оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз етілуі (авторлық, қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары және оларға ОӘК дайындау).

9.     Жалпы және кәсіби білім беру бағдарламаларының шоғырлануы, кірігуі, сабақтастығы негізінде әлеуметтік серіктестіктің моделін сынақтан өткізу.

10.           Тораптық ресурстық орталықтың бірыңғай ақпараттық кеңістігі.

БОРО-ғы тораптық мектеп мұғалімдері барлық саны 19 мұғалім халықаралық жоба«Іntel» бағдарламасын оқып жобалау технологиясын меңгерсе, 43 мұғалім халықаралық білім беру жобасы «Шексіз оқыту» құзыреттілікті педагогика, заманауи сабақты жоспарлауды қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы игеруде.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі және оңтайлы тәсілі ретінде қашықтықтан оқытуды педагогтар арасында ұйымдастыру олардың біліктілігін арттырудың тиімді тәсілі. Педагогтардың құзыреттілігін арттырудың бұл формасы тұлғалық, дербестік, жауапкершілік сапаларын қалыптастырады, мұғалімнің шығармашылық қуатын ашады.   Қашықтықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтықтан оқыту- компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер болып табылады.   

Оқушыларда, жастарда функционалды сауаттылық, шешуші құзыреттіліктерге ие болу үшін құзыретті педагогиканың алатын орны зор.

2010-2011 оқу жылы  басталған  жалпы білім беретін «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» КММ-де «Оқу-тәрбие процесінде құзыреттілікке бағытталған білім беруді жүзеге асыру» тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы бойынша жұмыс  атқарылуда. Бұл «Шексіз оқыту»  халықаралық  инновациялық білім беру жобасына  Канададағы заманауи педагогика орталығымен  арнайы келісім-шартқа отырған мектептің  43 мұғалімі қатысуда.

Негізгі мақсаты:Құзыреттілікке бағытталған білім беруді жүзеге асыру негізінде Блум таксономиясы бойынша, эксперименттік-зерттеу жұмысының бағдарламасы аясында интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін іске асыра алатындай тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау.

Балқаш қаласының мұғалімдеріне өткізген семинар –тренингте «Шексіз оқыту»  Заманауи педагогика орталығының директоры (Монреаль, Канада) профессор, п.ғ.д. PhD  Георгий Рудик «Заманауи білім беруді дамытудың халықаралық және еуропалық бағдарлары»  жөнінде және қашықтықтан оқыту технологиясының өзектілігі туралы ой-пікірін ортаға салды. 12 жылдық білім беруге көшу шеңберінде мектепті корпоративті  басқару, инновациялық оқыту жобасы «Шексіз оқыту» мектепте құзыреттілікті педагогиканы енгізу жолдары қаралды.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Заманауи ғылыми білім-білікке ие жәнееліміздің инновациялық дамуына үлесін қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау» делінген.Осы талапқа сай болу үшін  «Шексіз оқыту-Обучение без границ» халықаралық   білім беру жобасына қатысушылар: Жунус Н.Г., инновациялық ісі жөніндегі орынбасары және Джакупова З.А., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Қостанай қаласында өткен І аймақаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға белсене ат салысты.(2010-2011 о.ж.). «Қазақстандық мектептерде құзыреттілікті педагогиканы енгізу тәжірибесі: қазіргі жағдайы мен келешегі» атты тақырыптағы ғылыми-практикалық конференцияның көздеген мақсаты: мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде заманауи мектептің оқу-тәрбие үрдісіне құзыреттілікті педагогиканы енгізу мүмкіндіктерін талқылау және практик педагогтарды тарту болып табылады.2011-2012 о.ж. он-лайн режимінде «ХХІ ғасыр инновациялық мектебі» ІІ аймақаралық ғылыми-әдістемелік интерференция өтті. Интерферецияның мақсаты аймақтағы басшылар, әдіскерлер, тәжірибелі педагогтарды оқу процесінде құзыреттілік педагогикасын енгізудің мүмкіндіктерін зерттеу және талқылау болатын. Интерференция дикуссиялық клуб формасында өтті:

Аймақтағы «Шексіз оқыту» халықаралық білім беру жобасына қатысушылар құзыреттілікті педагогиканы енгізудегі қажырлы еңбектері мен қашықтықтан оқыту білім беру ұйымдарының ақпараттық кеңістік аясының кеңеюіне, әлемдік және европалық тәжірибелердің кіріктірілуі, ғаламдық ақпараттық кеңістіктің алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерін енгізу негізінде іске асуда.Осы біліктіліктерді игеру үшін қашықтықтан оқу арқылы білімдерін жетілдіріп жатқан  мектебіміздің 43 мұғалімі «Блум таксономиясын»  педагогикалық менеджмент тұрғысында құрылған заманауи сабақтарында оқушы құзыреттіліктерін «Мастер-класстар» өткізу арқылы көрсетті.  Құзыреттілікті педагогиканы оқу үрдісіне енгізудегі жетістіктері үшін 7 мұғалім: Ерменбетова Г.Ө.- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Джакупова З.А.-орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жакыпбекова М.Б.- бастауыш сынып мұғалімі, Жунус Н.Г.-фрацуз тілі пәнінің мұғалімі, Мухамеджанова Ж.С.-информатика пәнінің мұғалімі, Сатенова Ш.Ш.-орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ,Толеуова М.М.- бастауыш сынып мұғалімі- заманауи педагогика орталығының «педагог-тьютор» статусына ие болды. Жобаға қатысушы мұғалімдер Канададағы заманауи педагогикалық орталық ұйымдастырған он-лайн режиміндегі  интерактивті коуч-вебинар,  коуч-консалтинг,  интерференцияға қатысып, 7 модульден тұратын теориялық тапсырмаларды орындады. «Шексіз оқыту » халықаралық инновациялық білім беру жобасына қатысушы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатенова Ш.Ш. Қытай Халық Республикасының астанасы Пекин қаласында өткен «Заманауи білім берудегі көптілділіктің өзекті мәселелері»тақырбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысса 2012 ж. наурыз-сәуір), француз тілі пәнінің мұғалімі Жунус Н.Г. Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастыраған халықаралық  педагогикалық жоба байқауына қатысып оқу грантын жеңіп алуы арқылы Франция мемлекетінде тәжірибе алмасып қайтты(2012 ж. шілде).  Назарбаев зияткерлік мектептері арасындағы  «Орта білім берудің мазмұны: дәстүрлері мен өзгерістері» тақырыбындағы ІІ халықаралық ҒПК-ға  мектеп  директоры Дүбірбекова Қ.Ш. және Сатенова Ш.Ш. қатысып, тәжірибе алмасты(2012ж.маусым).

Жаһандық әлеміндегі заманауи мектептерде білім мен инновацияны ықпалдастыру құзыретті педагогиканың негізі болып табылады.

Оқу процесінде құзыреттілікті педагогиканы енгізу, ЮНЕСКО және еуропалық жүйелеу квалификациясы бағытында анықталғандай оқушыларда өмірлік маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру. Осыған орай мұғалім өзінің педагогикалық құзырлық деңгейін үнемі жетілдіріп, ойлау, ізденімпаздық қабілеттерін, білімін ғылымның кейінгі жаңалықтарымен үздіксіз толықтырып, дамытып отыруы қажет. Үздіксіз білім адам өмірге келгеннен бастап, соңғы күнге дейін бітпейтін – толассыз, тоқтаусыз білім дейді- философтар (Сократ,Платон).

Құзыретті педагог өмір бойы оқу, өмір бойы білім алу принципіне сәйкес рухани кемелдену мен қатар кәсіби кемелдену арқылы  акмеологиялық деңгейге жету үшін алға ұмтылатын, жетілген, жоғары жауапкершілікті, гуманистік тұрғыдағы әлеуметтік белсенділік пен басқаларға қамқор бола білетін, өзін-өзі іске қоса алатын креативті, жаңашыл тұлға.

 

 

             

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.     Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 жыл.

2.      Оқушылардың функционалды сауаттылығын  дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы//Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы// Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы  №10.2012.34-39б.

3.     Тұрғынбаева Б.А. Андрогогика./ Оқу құралы. Алматы,2011.

4.     Жайтапова А.А., Рудик Г.А.,Белошниченко Е.В.,Сатывалдиева А.С.. ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында.

5.     Белошниченко Е.В. Дистанционное обучение как способ реализации  связей между формой и содержанием в системе межкурсовой  методической работы в школе // Қазақстан мектебі №1. 2011. 25-29 б.

6.     Жүніс Н.Ғ. Құзыреттілікті педагогикаға арналды.// Қазақстан мұғалімі .№19-20.2011. 2-б.

7.     Интернет. Google. Қашықтықтан оқыту технологиясы (22.10.12)      

8.     «Қазақстан мектебі» /Журнал №10/2009

 

 

Қосымша-1

 

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуі туралы

 

 

 

 

 

 

Мектептегі мұғалімдердің  біліктілік санаты туралы

 

 

                         

 

Педагогикалық ұжымның ғылыми-практикалық конференцияларға, семинар, семинар-тренингтерге, байқауларға, съезге , жобаға қатысуларына 3 жылдық салыстырмалы мониторинг

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдердің  «Шексіз оқыту» Халықаралық  инновациялық білім беру жобасына  қатысуы туралы