«Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша есеп 13.08 2018 ж. №10 ЖББОМ

Дата: 2018-08-24 15:06:40

«Мектепке жол»республикалық акциясы бойынша есеп

13.08 2018 ж. №10 ЖББОМ

№10 орта мектебінде "Мектепке жол"республикалық акциясы өз жұмысын жалғастыруда.

Мектептің дайындық және бірінші сыныптарына балаларды қабылдау жалғасуда. Бүгінгі күні мектепке 28 бала, бірінші сыныпқа 53 бала жазылған.

Аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына киім, мектеп формасы, аяқ киім, мектеп-жазба құралдары жиналуда. Бұл бағытта мектептің ата-аналары Е. В. Терехович(жеке кәсіпкер) және А. В. Казарян көмек көрсетті:

 мектеп рюкзактары-6 дана

ұлдар жейделері-14 дана

қыздарға арналған блузкалар-2 дана

нәски, гольфтар-30 дана

АҚ және түсті банттар

түрлі киім және аяқ киім

Жалпы білім беру қорынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында мектепке киім сатып алуға 551 900 теңге бөлінді.  Қазіргі уақытта ата-аналар мен қамқоршылардан өтініштер мен құжаттар қабылданады.

"Балаларға мейірім сыйла" атты қайырымдылық марафоны: аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына киім, мектеп формасы, мектеп-жазба құралдары жинау жүргізіледі.

Автор: №10 ЖББОМ