Балқаш қаласындағы КММ «№10 жалпы білім беретін мектепте» «Адал Ұрпақ» ерікті клубының қызметіне арналған ақпараттық бұрыш (стенд) безендірілді.
Дата: 2026-10-13 15:56:17
Балқаш қаласындағы КММ «№10 жалпы білім беретін мектепте» «Адал Ұрпақ» ерікті клубының қызметіне арналған ақпараттық бұрыш (стенд) безендірілді.
Стендте клубтың мақсаты мен міндеттері, қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ білім алушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту туралы ақпарат орналастырылған.
Ақпараттық бұрыш оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін дамытуға және өскелең ұрпақты адалдық пен жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған.
