Жаңа жыл балалар үшін - ең әдемі, ең құпия және сиқырлы мереке!

Жаңа жыл балалар үшін - ең әдемі, ең құпия және сиқырлы мереке! Олар оны ерекше тағатсыздана күтіп отыр. Ал жаңа жылдық сыйлықтар мен тосын сый - ертегі мен сиқырға сенудің, жағымды эмоциялар теңізін алудың тағы бір себебі.
Қысқы демалыста «№ 10 БМ» КММ оқушыларын Жаңа жылмен Дзигаленко Анастасия Александровна («Малышко» ЖК) атынан мектептің ата-аналары құттықтады. Құттықтаулармен балаларға ертегі мен сиқырға сенудің тағы бір себебі - жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Мектеп ұжымы, оқушылар мен олардың ата-аналары демеушілерімізге шын жүректен алғыстарын білдіріп, Жаңа жылмен құттықтайды, денсаулық пен бақ-береке тілейді! Сіз өзіңіздің қамқорлығыңызбен балаларға тек тәтті-дәмділер ғана емес, сондай-ақ көптеген жағымды және қуанышты сезімдер сыйладыңыз.
Сізге және Сіздің ұжымға мықты денсаулық, күш-жігер және оптимизм, жұмыста табыс және қаржылық игілік, барлық істе бақыт пен сәттілік тілейміз. Сізге шын жүректен алғыс білдіреміз және үміттенеміз.