Ата – аналар жиналысы
Дата: 2024-05-17 19:04:37
№9 жалпы білім беретін мектебінде 17.05.24ж. күні 1-11 сыныптың ата–аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Д.Жолдасова, ЖПКБ ЮПТ полиция капитаны А.А. Нұрбек, Төтенше жағдай басқармасының аға анықтаушы Ерланов И.Е. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Шакирова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова қатысты.
Ата- аналарға оқушылардың жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар беріліп алдын алу жұмыстары жүргізілді.Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және бала құқығын қорғау туралы негізгі сұрақтарын Полиция капитаны А.А. Нұрбек айтып өтті. Баланың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы ақпараттар беріліп, ата – аналарға жадынамалар ұсынылды. Төтенше жағдай басқармасының аға анықтаушы Ерланов И.Е. жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатқандығына тоқталды. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, ережелермен таныстырып өтті. 1-4 сыныптарда 3.06.24-28.06.24 аралығында «Балдәурен» алаңы ұйымдастырлатындығы хабарланды. Ата-аналар балаларының білімдерін бақылап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мектеп өмірімен кеңінен танысты. Әрбір пән мұғалімдерімен жекелей кездесіп, балаларының білім мен тәрбие үрдісіндегі жетістіктері мен олқылықтары жайлы тиімді әрі нақты ақпарат алды.
Ата-аналардың атылмыш шарадан кейін білдірген пікірлері мен ойлары, алған әсерлері жайлы айтқан толғаныстарынан қолдау тапқандығын аңғардық. Ата-аналарға алғыс білдіре отырып, осындай ізгі істің алдағы уақытта да жалғасын табарына сенімдіміз және бірлікте жұмыс жасауға шақырамыз.