«Шығарма оқыдым- сурет салдым» жобасы, «Менің сүйікті кітабым» жарнамалар сайысы
Дата: 2020-02-13 08:21:33
Келешек ұрпақ кітап оқудан тыс қалмау керек. Әрине , балалардың көңілін аударатын ақпарат жүйелері: теледидар, радио, компьютер жеткілікті. Бұлардың адам өміріне қажеттілігі орасан зор екені сөзсіз. Осы ақпарат жүйелерімен қоса балаларды кітап оқуға да жастайынан баулысақ ұтылмас едік, ұтар едік. Оқушыларымыздың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында бүгін 3 және 4 сынып оқушыларының арасында оқыған шығармаларының желісінде «Шығарма оқыдым- сурет салдым» жобасын, «Менің сүйікті кітабым» жарнамалар сайысын өткіздік.
Оқушыларымыздың жеңіс кезіндегі көздеріндегі қуанышты көргенде, әр баланың өз оқыған шығармасын бар ынтасымен түсіндіруге тырысқанын көргенде көңіл толады.