Хаттама 2

Дата: 2019-12-23 19:13:36

ЖББ№8 орта мектебінің директоры А.Токейбекованың қамқоршылық кеңесінің отырысында жасаған баяндамасы

Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Токейбекова ата-аналарға «Қамқорлық қорының» маңыздылығы туралы айтып өтті. Балқаш қаласының №8 ЖББОМ-нің 2019 жылға бюджеті 299651,0 мың теңгені құрады. Оның 159116,0 мың теңгесі мұғалімдерге және мектеп қызметкерлеріне жалақы ретінде төленді. Сауықтыру жәрдемақысына мұғалімдерге бір жалақы көлемінде 7372,0 мың теңге бөлінді.

Әлеуметтік салықтарды аудару үшін 9494,0 мың теңге, әлеуметтік аударымдар үшін – 5767,0 мың теңге, МӘМС үшін – 2963,0 мың теңге бөлінді.

Жалпы білім беру қорына 11239,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақтандыруға – 4526,0 мың теңге, жазғы сауықтыру үшін - 336,0 мың теңге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмекке-3472,0 мың теңге.

Оқушылардың жол ақысын төлеу үшін -1507,0 мың теңге бөлінді. Балалардың түрлі іс-шаралар мен конкурстарға жолақысын төлеуге-860,0 мың теңге.

12094,0 мың теңге коммуналдық қызмет көрсету опалтасына, 4034,0 мың теңге – байланыс және интернет құралдарын төлеуге бөлінді.

Басқа да түрлі Қызметтерді төлеуге 60847,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде қасбетті жөндеуге-11084,0 мың теңге, спортзалын жөндеуге-21840,0 мың теңге, терезелерді ауыстыруға-18856,0 мың теңге. және т. б.

Тауарлар сатып алуға 10068,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде сатып алынды:

- Қоқыс контейнері -280,0 мың теңге

– Мемлекеттік рәміздер-289,0 мың теңге

- Робототехника жиынтығы-5500, 0 мың теңге

- Принтерлер-260, 0 мың теңге

- Кондиционер-115, 0 мың теңге

- Мультимедиялық жабдықтар-2095,3 мың теңге

- Компьютерлер-960,8 мың теңге

- Швед қабырғасының жиынтығы-377,6 мың теңге

- Суық су есептегіші-175,0 мың теңге

Нет описания фото.

Нет описания фото.