Размер шрифта:

«Ғылымның алғашқы баспалдақтары»

Дата: 2019-11-25 10:34:58

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2019 жылдың 23-ші қараша айында оқушылар арасында «Ғылымның алғашқы баспалдақтары» ғылыми конференция өткізілді
1. Конференция мақсаты: ізденіс және жобалық жұмысымен айналысатын оқушыларды шығармашылыққа бағыттау арқылы, оқушыларды бәсекелестікке тәрбиелеу, қабілеттерін ашуға мүмкіндік тудыру;
2. Ғылыми практикалық конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі, қорғалады.
1.Тіл және әдебиет
2.Қоғамдық және тарих пәндері
3.Жаратылыстану
Осындай міндеттер жан-жақты қарастырылып, үш бағыт бойынша жобалар қорғалды. Әр жоба ғылыми түрде зерделеніп, көптеген мағлұмат айтылды. Экология тақырыбын бойынша 7А сынып оқушысы Әлімхан Ерсін Балқаш көліне қауіп туғызып отырған зауыт қоқыстарын көлге еш зиянын тигізбей, дренажбен қалай өңдеу керек екенін ерекше ашып, осы тақырыпқа үлкен бір ұсыныс айтып кетті. Осындай түрлі, пайдалы жобалар өте көп болды. Сонымен қатар ұлы тұлғалар және батырлардың ерлігі туралы ұмыт қалдырмай, олар туралы тың ақпарат айтып кеткен Лукманов Дамир, Өмирсерикова Аружан, Омарова Нәзерке және Төлепбек Мерей сынды оқушылармыз өз жобаларын қорғады.
Осы оқушылардың арасында ұлттық тағамды дәріптеп, оның ұлылығын суреттеп кеткен 11А сынып оқушысы Төребек Айым жане 10Ә сынып оқушысы Серікбай Диана орыс ертегілеріндегі «3» санына туралы және 9Б сынып оқушысы Танатова Аяулым Күн көзінен қуат алатын альтернативті энергия көздері жайлы және оның кәдімгі шамнан артықшылығы жайлы ғылыми жобасын қорғап шықты. Оқушылар арасында көрермендер көзайымы болған 8Б сынып оқушысы Муханова Арайлым болды. Ол оқушылардың назарын өзіне аударып қана қоймай, ешқайсысымыз назар аудармайтын күнделікті киетін киімдеріміздегі ағылшын жазуларының тарихын айтып кетті. Бұл жоба қазылар алқасының көңілінен шығып қана қоймай, оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын оятты.Жоба барысында қалдық шикізатты босқа тастамай, жаңа өнім дайындау туралы 9А сынып оқушысы Бадешова Аружан, сонымен қатар, этноауыл туралы 10А сынып оқушысы Полукарова Ольга өз жобаларын қорғады.
Жобаның соңында 7-ші сынып оқушылары Жолеуова Аяна, Амангелді Нұр ағылшындардың қонақжайлылығы туралы жоба қорғап, Британия халқының тарихы мен шебер сәулет өнері жайлы сыр шертті. Қазылар алқасы конференция соңында қорытынды сөз айтып, жобаға қатысушыларды сертификаттармен мадақтап, қатысушылардың жетекшілеріне алғыстарын білдірді.

На изображении может находиться: 23 человека, в том числе Айнур Бакишева, Жанат Айтжанова, Нагима Агибайева и Карлыгаш Дубирбекова, люди улыбаются, люди стоят, свадьба и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, стоит и в помещении

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек

На изображении может находиться: 7 человек, в том числе Жасампаз Ұрпақ, люди сидят и в помещении