«Тәрбие- отбасынан басталады »
Дата: 2019-11-08 13:41:43
Мектебімізде 07.11.2019 ж күні «Тәрбие- отбасынан басталады » атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Өткізудегі мақсатымыз баланың мінез құлқын ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, балаға жақсы тәрбие беруі жайында әңгіме қозғау. Қонаққа ардагер ұстаздар Молдахметова Тұрымтай және ардагері Жунус Несіпқайшамен қатар мектептің ата-аналар қауымы және әжелерінің қатысуымен өтті. Тұрымтай апай өз жанұясындағы бала тәрбиесіне қатысты соның ішінде немере тәрбиесіне жеке тоқталды. Несіпқайша Ғылымжановна бала тәрбиесіндегі баланы тәрбиелеу мен түсіну екеуі екі бөлек дүние және ата-аналардың басым бөлігі осы жерде қателесетініне жеке тоқталды. Осы орай да қатысушы әжелеріміз де өз ақыл кеңестерімен бөлісті. Мектеп директоры Төкейбекова Айгул Төкенқызы өз сөзінде қазіргі қоғамда белең алған мәселелердің бәрі баланың ұялы телефонда көп отыруы, кітап оқымау және мектебімізде алдын алу мақсатында жасөпірімдер арасында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында өз ой пікірін білдірді. Бала біздің болашағымыз, жақсы тәрбие беру, қуаныш сыйлау біздің міндетіміз.