«Қазіргі заман жастары» атты дөңгелек үстел

Дата: 2019-02-14 09:58:21
«Қазіргі заман жастары» атты дөңгелек үстел

Мектебімізде  жоспарға сәйкес 9А сыныбына «Қазіргі заман жастары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеу.

Міндеті:

Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, имандылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту;

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ата-баба дәстүрін құрметтеу, шетелдік, жат-жұрттық әсерден бойды әсте аулақ ұстау.

Бұл отырыста оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Балалар қазіргі заман жастары жайлы өз ойларын жеткізіп, өткен мен бүгінгі күнді салыстырды. Жоғары сынып болғандықтан қазіргі заман жайлы көптеген мәселелер айтылды. Адамдардың қатігездігі, мейірімділіктің жоқтығы, шешімді қате қабылдауы, ата-анасының шешіміне қарсы шығуы, достарын сыйламауы т,б. Ортақ көзқарас - "Заманның өзгеруі ме, әлде адамның өзгеруі ме?" –деген ауқымды сұрақты талқыладық. Қазіргі заман жастарының жақсы жақтарын да қарадық. Яғни заманға сай білімдерінің жақсы дамуы, техниканың дамуы жастардың қолынан шыққан дүние деп білеміз.