«ЖББ №8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 05-қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауын талд

Дата: 2018-10-18 15:04:34

«ЖББ №8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  05-қазан  2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауын талдау және насихаттауға арналған   жиналыстың

 

                                                     Хаттамасы   №3

 

                                                                                          16.10.2018

Қатысты: 108

 

Күн тәртібінде:

  1. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

Тыңдалды:

   Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ожханова Ұ.О. ата-аналарды 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды.

    5-қазан күні  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауын жариялағаны баршаңызға мәлім. Елбасының әрбір жолдауы әрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға бастайды. Мемлекеттік басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын биылғы Жолдауы да көңілімізді көтеріп, қалың елдің сеніміне серпін бере түсті.  Біз үшін бұл Жолдаудың маңызы ерекше.  2019 жыл елімізде «Жастар жылы» деп аталып, мұғалімдердің мәртебесін арттыратын заң қабылданады. Ең төменгі жалақы 1,5 есеге өсіп, құқық қорғаушылар қайта тестілеуден өтеді. Аталмыш саланы оңтайландыру да күтіп тұр.   Әлеуметтік, экономикалық дамуды жандандыруға бағытталған Жолдаудың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарта түсу.   Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жолдаулары әркезде де халық қамына арналады. Бұл жолы да Елбасы осы бағытынан таймады. Келесі жылы ең төменгі жалақы деңгейі 28 мың теңгеден 48 мыңға, яғни бір жарым есеге артады. Осылайша түрлі саладағы, кәсіпорындардағы 1 млн 300 мың адамның айлығы өспек. Бұған мемлекеттен 96 миллиард теңге қарастырылған. Бизнес те өз қолдауын таппақ. Экономикадағы көлеңкелі айналымды 40 пайызға қысқартуды тапсырған Мемлекет басшысы негізгі салығы дұрыс төленген шағын және орта бизнестегілердің өсімі мен айыппұлдарын алып тастауды бұйырып, «салық амнистиясын» жариялады. Содан соң экспорт мәселесі талқыланды. «Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беруі қажет. Біздің сауда саясатымызда селқостық болмауы тиіс. Сонымен бірге, халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу қажет. Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды. Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатында, Үкіметке алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырамын», – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Жолдауда агроөнеркәсіп әлеуетін арттыру, инновациялық қадамдарға ден қою мен қаржы секторын жіті қадағалау тапсырылды. Ұлттық банк пен Үкімет инфляцияға да бас-көз болуы керектігі ерекше айтылды. Тағы бір мәселе – тұрмыс сапасы, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Бес жылда білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көзден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу міндеттелді. Сонымен қатар, ұлт денсаулығын қалыпта ұстау үшін әкімдіктер 100 сауықтыру мен дене шынықтыру орнын салуы тиіс. Енді сапасыз денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін тауарлардан, көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас сала қолға алынады. Ол үшін 2019 жылы тауарлар мен қызмет сапасын әрі қауіпсіздігін бақылайтын комитет құрылады. Елдегі өзекті жайттардың бірі –баспана мәселесі.

Халықтың, оның ішінде жас отбасылардың басты қажеттілігі-баспана алу жайы.  «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында түбегейлі шешімін табуы тиіс. Осыны ескерген Елбасының пәтер алу кезіндегі алғашқы салымды қандай да бір жолмен субсидиялау туралы аймақ басшыларына ой салуы дер кезінде қозғалған әлеуметтік мазмұндағы көкейкесті мәселе деп бағамдауға тиіспіз. Қорыта келгенде , Қазақстан халқының бақытты да алаңсыз өмір сүруі мен ел ынтымағының күшеюін дамыту хаықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсарту көптің ісі , әрбір қазақстан азаматының міндеті.

  Сөз алғандар:   ата-ана Шаймерден Б.

      Жыл сайын Елбасымыздың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын басты назарда ұстап, ой елегінен өткіземіз. Елбасының әр Жолдауында жастарға көп көңіл бөлетіні бізді қуантады. Қазіргі таңда білім мен ғылымға, мәдениет пен әдебиетке, техника сынды салалардың барлығына да мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып келеді.

Осы орайда Елбасымыздың кезекті Жолдауында өңірлік деңгейдегі бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыруды және кемінде 100 фитнес-орталық салу керегін, сонымен қатар спорттық ғимараттарды, әсіресе, мектептерде дене шынықтыру алаңдарын, саябақтарды жабдықтауды тиімді пайдалану қажет екенін атап өтті. Қазірдің өзінде әр аймақта фитнес-орталықтардың саны артып келеді. Елбасымыз осындай орталықтардың мейлінше қатары толығу керегін нақтылап айтты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, яғни дені сау ұрпақ өсіру – ұрпақ алдындағы абройлы міндет.

Ата-ана Исабекова Г.

Елбасы Жолдауында назарға алу тиіс негізгі міндеттерді айқын көрсетті. Олар: экономиканың жедел технологиялық модернизациясы; дәстүрлі базалық салаларды дамыту; еңбек нарығының модернизациясы; макроэкономикалық тұрақтылық; адам капиталының сапасын арттыру; институционал өзгерістер; жемқорлықпен күрес және қауіпсіздік. Президенттің бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. 

Ата –ана Джуматаев М.К.

Жалпы қоғамда және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінген. Елбасымыз осы арқылы болашақ жастардың қолында екенін айтты. Сондықтан бұл бастамаларды қолдау, оны жүзеге асыру әрбір   жастарға үлкен жауапкершілік деп ойлаймын.

Шешім:

  1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  қазақ халқына арналған кезекті Жолдауын насихаттау жұмысы  мұғалімдер  мен ата-аналар арасында  жүргізіліп, соған байланысты  іс шаралар жоспарланып, жұмыстар атқарылсын.    

 

 

  Мектеп директоры                                     А.Т.Төкейбекова

 

 Хатшы              Алғадаева П.