Қалалық «Қалқан» әскери-патриоттық сайысы
Дата: 2018-05-17 10:30:48
Мектебімізде Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттау мақсатында «Ұлан» әскери патриоттық қозғалысы жобасы аясында қала мектептерінің арасында «Қалқан» әскери-патриоттық сайысы өткізілді. «Қалқан» әскери-патриоттық сайысқа қатысушылар 5 кезеңнен тұратын яни І кезең мылтық ату, ІІ кезең белтемірге тартылу, ІІІ кезең пресс жасау, ІV кезең автоматты толық емес бөлектеу-жинау, V кезең эстафетта, VІ кезең «Газ» командасын орындау жарыстарынан өзара сынға түсті. Төрешілердің шешімі бойынша «Қалқан» әскери-патриоттық сайысының жалпы қорытындысымен І жүлделі орынмен №17 мектеп -лицейі, ІІ жүлделі орынмен №8 орта мектебі, ІІІ жүлделі орынды №2 Абай атындағы лицей марапатталды. Сайыс тартымды да қызықты өтті.