Хаттама №3

Дата: 2018-04-12 10:05:50

                                                    Хаттама №3

ЖББ  №8 орта мектебінің қамқоршылық кеңесі

отырысының хаттамасы

                                                                                        29.03.2018 ж.

Қатысқандар-11

Қатыспағандар-4

Күн тәртібі:

1.     Білім беру ұйымында қайырымдылық көмектің жұмсалуы.Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы З.Муханова      

2.     Жетім,жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен танысуды жоспарлау

                                 Қамқоршылық кеңесінің  мүшесі Н.Саттыбаева

       Тыңдалды:

1.Отырысты қамқоршылық кеңесінің төрайымы З.Муханова  ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.

 І жартыжылдықта жоспарланған жоспарға сәйкес дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында шағын аудан  ішіндегі автотұрақ, компютерлік орындарға  рейдтер жүргізіліп, рейд барысында қаңғыбастықта жүрген,  мезгілсіз уақытта ұсталған бала және тәртіп бұзушылық  байқалған жоқ.

   Менің  ұсынысым мектептегі мерекелік іс-шараларға қатысуда оқушыларға қамқоршылық кеңесінің ұйымдастыруымен көмек көрсетілсе. Осы ойымды сіздер құптайды деген ойдамын.

2-мәселе бойынша  қамқоршылық кеңесінің  хатшысы  Н.Саттыбаева сөз алып, жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, азқамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен таныссақ. Сондай отбасылар біздің мектебімізде де бар. Сол отбасыларға көмек көрсетілсе қалай ойлайсыздар? Сіздердің пікірлеріңіз маңызды, себебі сіздер қамқоршылық кеңесінің мүшелерісіздер деп пікірін білдірді.

Басқа кеңес мүшелері бұл мәселені қолдайтындарын білдірді.

Күн тәртібіндегі  мәселер толық қаралып, төмендегідей қаулы қабылданды.

Қаулы:

 1. Оқушылардың  оқу-тәрбие ісіне қатысуына және сайыстарға қатысуда марапаттау  жұмыстарына сыйлық ретінде көмек қарастырылсын.

 2.Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен, аз

 қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен

 танысу сәуір  айының аяғына жоспарланып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларды  анықтау мақсатында сынып жетекшілермен түсінік жұмыстары жүргізілсін.

 

                                 Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:  З.Муханова

                               Хатшы:         Ж.Мустапаева