Размер шрифта:

«Бір аймақ –бір кітап»

Дата: 2018-03-29 09:07:41

   26.03.2018 жылы  ЖББ № 8 орта мектеп кітапханасы «Бір аймақ –бір кітап» аясында 3А, 3Ә, 3Б сынып оқушыларымен «Ертегілер елінде» тақырыбында қазақ халқының 10 ертегісіне кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.Оның ішінде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Қожанасырдың олжасы», «Жақсылық пен жамандық», «Қаңбақ шал», «Аламан мен Жоламан», «Алдар көсе мен Шығайбай», «Күнкей сұлу», «Қасқыр мен түлкі», «Қадырдың бақыты», «Ер Төстік»
 Оқушылардың сұрауы бойынша «Ер Төстік»  ертегісін дауыстап оқып, талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салды. Ертегілер оқушылар бойына ізгілік, қамқорлық,жалпы адамгершілік құндылықтарды сіңіруіне септігін тигізеді.