«Жас жүргізушілер» сайысы

Дата: 2018-02-21 21:39:43

   Мектебімізде 21.02.2018 жылы 7-8  сынып оқушылары арасында оқушылардың шығармашылық деңгейін арттыру, мектепішілік және қалалық іс-шараларды жүргізудегі шеберліктерін қалыптастыру мақсатында «Жас жүргізушілер» байқауы өтті.  Байқауға 7Б сынып оқушысы Г.Исанғали тәлімгері Жұмабаева М.К, 7А сыныбынан А.Бадешова, А.Сарсенбай тәлімгері Ожханова Ұ, 6В сынып оқушысы И.Мукарам, Нұрсейтова Ж.С, 6Б сынып оқушысы А.Қалымбетов тәлімгері А.Абилова  қатысты. Байқауға 3 кезеңнен тұрды. Байқау барысында оқушылар « Өз өнеріңді ортаға сал» бірінші кезеңінде кез келген жанрда шығармашылық қабілеттерін көрсетсе, «Көрермендермен ойын» екінші кезеңде байқауға қатысушылар көрермендермен түрлі ойындар өткізді. Ал үшінші кезең  бойынша «Үй тапсырмасы» ұлы ғұлама адамдардың образына еніп, «Мәңгілік ел» тақырыбында М. Мақатаев, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, А.Құнанбаевтың анасы Зеренің атынан жазылған хаттарын оқыды.
  Байқау соңында үздік деп танылған оқушылар І орынмен 6Б сынып оқушысы А.Қалымбетов,ІІ орынмен 6В сынып оқушысы И.Мукарам, ІІІ орынмен Г.Исанғали марапатталды.