«Нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу»
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде желтоқсанның 11 күні 2018 жылы оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру,ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, сана сезімдерін дамыту, қарсы күресуге шақыру мақсатында мектеп әлеуметтік педагогы А.М.Жолболдина, мектеп психологы Абдуалиева З.,әкелер кеңесінің мүшесі Жұматаев Қ.М және тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Айтқұлова Г.С қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мектеп психологы Абдуалиева З.Н оқушылардың көңіл күйлерін анықтау мақсатында түрлі-түсті, әр түрлі пішіндегі фигураларды таңдату арқылы жаттығу орындатты. Сонымен қатар, көңілді орта туғызу үшін тренинг жаттығуларын жүргізді. Оқушылар адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жайлы, ХХІ ғасыр індетіне айналып отырған қауіп жайлы бейнефильмдер көріп,оны талқылап, өмірде болып жатқан кездерде қандай іс-шара қолдану керек туралы көп мағлұмат алды. Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау үшін, есірткі, ішімдік, шылым сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттерге қарсы күресуге болатынын түсінді. Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің осы мәселені терең түсіну үшін бар қабілеттерін салып, ойларын терең жеткізіп, жақсы көңіл-күйде болды.