Ұландардың «Ант қабылдау» рәсіміне арналған салтанатты жиын

Дата: 2017-12-11 12:12:02
Ұландардың «Ант қабылдау» рәсіміне арналған  салтанатты жиын

    Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 5Ә сыныбының «Ант қабылдау» рәсімі болып өтті. Салтанатты жиынға  Балқаш горнизонының әскерлер бөлімінің штаб бастығы полковник Мұсабеков Шоқан Кеңесбекович, №31765, №53898 әскери бөлімдерінің офицерлері, өзара серіктестік туралы меморандум жасасқан әріптестер, «Әскер», «Боевое братство» ұйымдарының өкілдері мен қалалық БАҚ өкілдері қатысты.
  Ант қабылдау рәсімі барысында Мемлекеттік гимн орындалып, ту әкелінді.
  Ұландардың ант қабылдап алу рәсімін №31765 әскери бөлімінің офицерлері аға лейтенант Досыбаев Айтжан Асанұлы және аға лейтенант Шаймұратов Илияс Зерікбайұлы атқарды. Мектебіміздің 5 ұлан сыныбына қабылданған 16 жас ұлан және қосымша қабылданған 8 ұлан ант берді. Ант қабылдаушы ұландар туға тағзым жасап, мектеп директоры Токейбекова Айгүл Төкенқызының құттықтау сөзімен жалғасты. Сонымен қоса салтанатты жиында ӘАД жетекшісі Талғат Егізбайұлы  «Ұлан сыныптарының оқушыларына арнайы атақтар беру туралы» бұйрық оқылып, ұландарға арнайы атақтар табысталды. Сонымен қатар жиында құттықтау сөз  Балқаш горнизонының әскерлер бөлімінің штаб бастығы полковник Мұсабеков Шоқан Кеңесбекович, №31765 әскери бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары капитан Қалымбетов Нұрдос Маратұлына, №53898 әскери бөлімінен лейтенант Нұрмолда Ербол Ермекұлына, Ауған соғысының ардагері «Боевое братство»қоғамдық ұйымының төрағасы Мұқамедиев Бауыржан Мейірханұлына ,әкелер атынан Сейфуллин Ержан Өкенұлына беріліп, қонақтар ұландарға жүрекжарды тілектерін білдірді.
  Салтанатты жиын ұландардың мерекелік концертімен жалғасты. Концерт барысында ұландардан құрылған вокал «Алға» әнін орындап, ұландар заманауи әскери би билеп, 5 ұлан сыныптары дефиле көрсетсе, Нұрлан Наргиза «Туған ел» әнін орындады. Шара ұландардың қоян- қолтық күресінен көрсетілімімен жалғасып, оқушылар «Қазақстан» әнін әуелете шырқады.